31.07.2025, 16:58 68171
Шығыс Қазақстанға ШЫҰ елдерінің жастар делегациясы келді
Достарға айту
Шығыс Қазақстан облысы халықаралық жастар диалогының алаңына айналды. Өңірге Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше елдердің жас көшбасшыларынан құралған делегация ресми сапармен келді, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Сапар 2024 жылғы 4 шілдеде Астанада өткен "ШЫҰ плюс" форматындағы саммитте қол жеткізілген келісімдер аясында жүзеге асып жатыр. Ол саммитте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаһандық сын-қатерлер жағдайында ұйымға мүше мемлекеттердің бірлігі мен бірлескен күш-жігерінің маңыздылығын атап өткен болатын.
Делегация құрамына Қытай Халық Республикасы, Ресей Федерациясы, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан және Тәжікстан Республикаларынан келген жас көшбасшылар, еріктілер мен қоғам белсенділері кірді. Сапардың негізгі мақсаты - мәдениетаралық диалогты нығайту, жастар арасындағы әріптестікті дамыту және ортақ бастамаларды алға жылжыту.
Бағдарлама аясында делегация мүшелері өңірдің тарихи-мәдени мұра нысандарын аралады: Өскемен қаласының сол жағалау кешені, Абайдың үй-музейі, этноауыл мен дәстүрлі қазақ киіз үйі. Қонақтардың ерекше қызығушылығын тудырған "Ұлы дала алтыны" көрмесінде сақ-скиф дәуіріне жататын бірегей жәдігерлер - зергерлік бұйымдар, қару-жарақ және ат әбзелдері қойылған.
Сапардың басты оқиғаларының бірі - Ұлан ауданында өткен этнофестиваль болды. Делегация өкілдері қазақ халқының қолөнерімен, салт-дәстүрімен, ұлттық тағамдары мен фольклорымен танысып, мәдениетіміздің тереңіне үңілуге мүмкіндік алды. Сонымен қатар, қатысушылар Ертіс өзенімен серуендеп, Өскеменнің табиғи сұлулығын тамашалады.
Іс-шара аясында ресми кездесулермен қатар бейресми жүздесулер де өтті. Диалог алаңдарында волонтерлік, тұрақты даму, экология және ШЫҰ елдері жастары арасындағы байланысты нығайту мәселелері талқыланды.
Жақын күндері шаралар жалғасады. Жоспарда - пікірталас сессиялары, мәдени іс-шаралар және өңірдің белсенді жастарымен кездесулер бар. Осылайша, Шығыс Қазақстан ашық диалог пен халықаралық әріптестік кеңістігі ретіндегі мәртебесін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
08.09.2026, 10:54 3406
Қазақстанның өзен-көлдері мен су қоймалары бірыңғай цифрлық жүйеге біріктірілді
Сурет: gov.kz
Достарға айту
Қазақстанда Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі (СҰАЖ) іске қосылды. Онда қазірдің өзінде 23 мыңнан астам су нысаны туралы деректер жинақталған, деп хабарлайды Су ресурстары және ирригация министрлігінен.
Жүйе су нысандары, су шаруашылығы инфрақұрылымы, су пайдаланушылар және жерасты сулары туралы ақпаратты біріктіреді. Деректер еліміздің су ресурстарын басқару үшін пайдаланылады.
Бүгінде Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесінде 23 мыңнан астам су нысаны туралы деректер цифрландырылып, жүйеленді. Оның ішінде 17 758 өзен, 3 148 көл және 1 207 гидротехникалық нысан бар.
СҰАЖ-да 3 мың ұйым мен 4 мыңнан астам пайдаланушы тіркелген, су шаруашылығы және гидротехникалық нысандардың 9 мыңға жуық цифрлық паспорты енгізілген. Сондай-ақ 2,2 мыңнан астам бастапқы су есебі жөніндегі есеп пен 1,3 мыңнан астам 2-ТП нысанындағы есеп қабылданды.
"Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесінің функционалы су балансын жүргізуді, су пайдалануды есепке алу мен талдауды, су қоймаларының жай-күйін мониторингтеуді, трансшекаралық су нысандары жөніндегі деректермен жұмыс істеуді, сондай-ақ ғарыштық мониторингті қамтиды. СРҰАЖ-ды енгізу экономиканың тұрақты дамуы мен еліміздің су қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін су ресурстарын басқарудың кешенді, көпдеңгейлі жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді", - деп атап өтті Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Сонымен қатар, Қазақстанда Су тұтынуды ерте болжау жүйесін тәжірибелік режимде іске қосылды. Ол каналдар арқылы су беру жөніндегі электрондық шарттар жасасуға, қызметтер ақысын онлайн төлеуге және су ресурстарының көлемін автоматты түрде есептеуге мүмкіндік береді.
Бүгінде келісімшарт жасасу процесі толықтай электронды форматқа көшірілді. Жыл басынан бері шаруалармен 29 мыңнан астам келісім жасалған.
Естеріңізге сала кетсек, 2027 жылдың 1 қаңтардан бастап Қазақстанда елді мекендерден тыс жерлердегі шекаралары әлі белгіленбеген су қорғау аймақтары мен белдеулеріне қойылатын талаптар автоматты түрде қолданыла бастайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.09.2026, 10:26 4126
Бектенов жаңартылған Үкіметтің міндеттерін анықтап берді
Бүгін Құрылтай сайлауынан кейінгі Үкіметтің алғашқы отырысы өтіп жатыр
Достарға айту
Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов жаңартылған құрамдағы Үкіметтің алғашқы отырысында министрлерді озық қарқынмен жұмыс істеуге, шешімдерді жедел қабылдауға және нәтиже үшін толық жауапкершілікті өз мойындарына алуға шақырды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
"Жаңа Конституция заңды күшіне еніп, мемлекетіміз саяси және экономикалық жаңғыруға қадам басқан тарихи кезеңде еліміздің одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету үшін бәріміз жан-жақты шараларды қабылдауға міндеттіміз. Барлық бағыт пен салалар бойынша Мемлекет басшысы қойған міндеттерді жүйелі әрі кешенді түрде жүзеге асыру қажет. "Заң мен Тәртіп" және "Таза Қазақстан" конституциялық қағидаттары әрдайым биік тұруы тиіс. Үкіметтің жұмысы кешенді шараларды қабылдай отырып, озық қарқынмен жүруі керек. Қазір толық жауапкершілікті мойнымызға алып, нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін қажетті шешімдерді жедел қабылдайтын уақыт. Бәріміз Президенттің жоғары сенімін толығымен ақтауымыз керек", - деп мәлім етті Бектенов.
Естеріңізге сала кетсек, 28 тамызда Қазақстан Үкіметі жаңадан сайланған Құрылтай алдында өз өкілеттігін тоқтатқан болатын.
31 тамызда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Олжас Бектеновті премьер-министр қызметіне тағайындады.
Үкімет мүшелерінің басым бөлігі өз қызметтерін сақтап қалды. Төрт ведомствоға жаңа басшылар тағайындалды: Сыртқы істер министрлігін Мұхтар Тілеуберді, Экология және табиғи ресурстар министрлігін Әлібек Қуантыров, Төтенше жағдайлар министрлігін Мұрат Мұханов, Мәдениет және ақпарат министрлігін Арман Қырықбаев басқарды.
Үкімет құрамында 25 адам бар: Премьер-министр, бес вице-премьер және 21 министрліктің басшысы. Екі министр бір мезгілде Премьер-министрдің орынбасары қызметін атқарады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.09.2026, 09:47 5416
Қазақстан мен Қытай жүргізуші куәліктерін өзара тану туралы келісімге келді
Достарға айту
Қазақстанның Ішкі істер министрі Ержан Саденов пен ҚХР Қоғамдық қауіпсіздік министрі Ван Сяохунның Бейжіңде өткен келіссөздерінің қорытындысы бойынша Қазақстан мен Қытай ұлттық жүргізуші куәліктерін өзара тану және айырбастау туралы келісге келді, деп хабарлайды Polisia.kz.
"Бұл екі ел азаматтары үшін тиісті рәсімдерді жеңілдетіп, өзара сапарларға қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар, екіжақты кездесу нәтижесінде екі елдің Үкіметтері арасында "Қорғас" халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығының аумағында қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету туралы келісімге қол қойылды.
Құжат екі елдің құзыретті органдарының өзара іс-қимыл тәртібін айқындайды. Бұл құқық бұзушылықтардың алдын алуға, туындайтын қатерлерге жедел ден қоюға және халықаралық орталық аумағында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Естеріңізге сала кетсек, 7 қыркүйекте Қазақстанның ішкі істер министрі Ержан Саденов Бейжіңге жұмыс сапарымен барып, "Орталық Азия - Қытай" форматындағы ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерінің кездесуіне қатысып, өңірлік қауіпсіздік, трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа, есірткінің заңсыз айналымына, киберқылмысқа және басқа да қазіргі заманғы қатерлерге қарсы іс-қимыл мәселелерін талқылаған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
08.09.2026, 09:11 4791
Маңғыстауда қысқа дайындық аясында 500 шақырымнан астам электр желісі жаңартылды
Достарға айту
Маңғыстау облысында жылыту маусымына дайындық аясында 536 шақырым электр желісін күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Қазақстанның Энергетика министрлігінен.
2026 жылы өңірде 536 шақырым электр желісін күрделі жөндеу жоспарланған болатын. Жұмыстар 100 пайыз орындалды.
Сондай-ақ мамандар екі қосалқы станция мен 77 энергетикалық нысанды, оның ішінде тарату пункттері мен трансформаторлық қосалқы станцияларды жөндеді.
Жылу желілерін жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. Биыл жоспарланған 11,4 шақырымның 8,96 шақырымы немесе 78 пайызы жаңартылды.
Өңірдегі электр станцияларында үш қазандық агрегатын күрделі жөндеу аяқталды. Қазір мамандар тағы бір қазандық пен үш турбинаны жөндеп жатыр.
Маңғыстау облысының энергетикалық нысандарын жылыту маусымына дайындау барысын Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің аумақтық департаменті бақылап отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
07.09.2026, 17:20 17576
Алматы облысында кесілген ағаштардың орнына миллионнан астам ағаш отырғызылмаған
Достарға айту
Алматы облысында кесілген ағаштардың орнына 1 млн-нан астам ағаш отырғызу жөніндегі міндеттемелер орындалмаған. Заңбұзушылықтарды өңірдің мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы "Таза Қазақстан" экологиялық акциясының жүзеге асырылуын тексеру барысында анықтады, деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен.
Соңғы жылдары уәкілетті органдар 100 мыңнан астам ағашты кесуге 307 рұқсат берген. Алайда берілген рұқсаттарда көзделген өтемдік ағаш отырғызу жұмыстары толық көлемде жүргізілмеген.
Ең көп заңбұзушылық Еңбекшіқазақ ауданында анықталған. Мұнда 120 рұқсат бойынша 63 мыңнан астам ағаш кесілген, алайда жаңа жасыл желектер отырғызу жөніндегі міндеттемелер толық орындалмаған.
Прокуратураның араласуынан кейін облыста 150 мыңға жуық ағаш отырғызылып, 11 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар, билік облыстың жасыл қорына толық түгендеу жүргізіп, көгалдандыру жұмыстарын ғылыми сүйемелдеу мүмкіндігін қарастырады.
Естеріңізге сала кетсек, Оралда экологтар кесілген ағаштардың орнына отырғызылған өтемдік көшеттердің қурап қалғанын мәлімдеген болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
07.09.2026, 16:10 21671
ШҚО жеті ауылдың әкімдері қоқыс қалдықтарына қатысты талаптарды бұзғаны үшін жаза арқалады
Жергілікті билікте тиісті экологиялық рұқсат болмаған
Достарға айту
Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданындағы жеті бірдей ауылдық округтің әкімдері экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды облыстық экология департаментінен.
Катонқарағай, Аққайнар, Ақсу, Белқарағай, Жамбыл, Коробиха және Үлкен Нарын ауылдарында жоспардан тыс тексеру жүргізілген.
Тексеру барысында жергілікті атқарушы органдарда қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, кәдеге жарату, қайта өңдеу және көму үшін қажетті экологиялық рұқсаттар мен мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындылары болмағаны анықталды.
Нәтижесінде ауылдық округ әкімдері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Экология департаменті сондай-ақ заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар беріп, оларды орындау мерзімдерін белгіледі.
Естеріңізге сала кетсек, Ақтөбе облысында су айдындарында тыйым салу белгілерінің болмауына және тиісті рұқсатсыз жұмыс істеуге байланысты жеті ауылдық округтің әкімдері мен бес жағажай иелеріне айыппұл салынған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
07.09.2026, 11:21 21271
Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарын басқару мүмкіндіктері артты
Достарға айту
Бүгіннен бастап қазақстандықтар міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының 100 пайызға дейінгі бөлігін инвестициялық портфельді басқарушыларға (ИПБ) беру мүмкіндігіне ие болды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
Бұған дейін салымшылар міндетті жарналар есебінен жинақталған қаражаттың 50 пайызынан аспайтын бөлігін ғана жеке басқарушы компанияларға бере алатын. Ал, 100 пайыздық лимит тек ерікті зейнетақы жарналарына қатысты қолданылып келген.
Қаражатты аудару үшін азаматтар ИПБ тізілімінен басқарушы компанияны таңдап, тиісті өтініш беруі қажет. Өтінішті электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы БЖЗҚ сайтындағы жеке кабинетте немесе қордың кез келген бөлімшесіне тікелей жүгіну арқылы беруге болады.
Толық ақпаратпен БЖЗҚ сайтында танысуға болады.
Бұған дейін Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов қазақстандықтарға зейнетақы жинақтарының 100 пайызына дейінгі бөлігін жеке басқарушы компаниялардың сенімгерлік басқаруына беруге мүмкіндік беретін заңға қатысты пікір білдірген болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
07.09.2026, 10:39 25936
Елімізге бір жыл ішінде 16 млн-ға жуық шетелдік келген
Достарға айту
2025 жылы Қазақстанға 15,7 млн шетел азаматы келген, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 6,5 млн адамға көп, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Шетелдік қонақтардың жалпы санының 11,1 млн туристер санатына жатқызылды. Республика ішіндегі шетелдік қонақтардың шығындары $2,9 млрд-ты құрады.
Қонақүйлер мен басқа да орналастыру орындарында қызмет көрсетілген шетелдік азаматтардың саны тұрақты түрде өсті, мәселен: 2023 жылы 1 млн адамнан 2024 жылы 1,29 млн адамға және 2025 жылы 1,43 млн адамға дейін жеттіі.
2025 жылы келуші туристер ағынының ең көп үлесі Алматы облысына - 29,7 пайыз, Жетісу облысына - 25,88 пайыз және Қызылорда облысына - 25,5 пайыз болды.
уристік ағынның өсуіне ҚХР-дан келетін сапарларды оңайлату елеулі үлес қосты: жыл қорытындысы бойынша Қытайдан келушілер саны 46,8%-ға артып, 960 мың адамнан асты.
2026 жылдың І жартыжылдығында Қазақстан 7 млн шетелдік туристерді қабылдады, ондағы қонақтардың негізгі үлесін Өзбекстан - 2,5 млн, Қырғызстан - 1,6 млн және Ресей - 1,5 млн құрады.
Ішкі туризм де өсіп келеді. Ел ішінде саяхаттайтын қазақстандықтардың саны 2023 жылғы 7,1 млн адамнан 2025 жылы 8,7 млн адамға дейін артты.
Туристер ағынының өсуімен қатар салаға салынатын инвестиция көлемі де артып келеді. 2024-2025 жылдары туризм саласына 2,2 трлн теңгеден астам инвестиция салынды. Қазір елімізде жалпы құны шамамен 1,3 трлн теңге болатын 328 туристік жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл жобалар шамамен 10 мың тұрақты жұмыс орнын ашуға және халықаралық деңгейдегі 25 жаңа қонақүй кешенін іске қосуға мүмкіндік береді деп күтілуде.
2025 жылдың қорытындысы бойынша туризм саласының Қазақстан экономикасына қосқан жиынтық үлесі 5 трлн теңгеге жетіп, салада жұмыспен қамтылғандар саны 600 мың адамнан асты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
INTERNET TELEVISION
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
08.09.2026, 09:47Қазақстан мен Қытай жүргізуші куәліктерін өзара тану туралы келісімге келді 08.09.2026, 09:11 4536Маңғыстауда қысқа дайындық аясында 500 шақырымнан астам электр желісі жаңартылды08.09.2026, 10:26 3871Бектенов жаңартылған Үкіметтің міндеттерін анықтап берді08.09.2026, 10:54 3156Қазақстанның өзен-көлдері мен су қоймалары бірыңғай цифрлық жүйеге біріктірілді08.09.2026, 10:12 2296Еліміздің бес өңірінде бизнеске қолдау көрсету орталықтары өз жұмысын бастайды
03.09.2026, 17:22 82731Қалдықтарды өңдеу, төтенше жағдайлардан қорғау және жастар саясаты: жаңа министрлерге міндеттер жүктелді03.09.2026, 18:50 79501Тоқаев еліміздің СІМ жаңа басшысына негізгі міндеттерді айқындап берді04.09.2026, 20:49 70116Мадиев пен Binance негізін қалаушы Қазақстанның цифрлық экономикасын дамытуды талқылады04.09.2026, 10:08 66621Шыңғыс Әрінов Алматы облысының әкімі болып тағайындалды04.09.2026, 16:22 64421Тоқаев экология министріне қалдықтарды қайта өңдеу және ормандарды қалпына келтіру міндеттерін жүктеді
03.09.2026, 17:22 82731Қалдықтарды өңдеу, төтенше жағдайлардан қорғау және жастар саясаты: жаңа министрлерге міндеттер жүктелді03.09.2026, 18:50 79501Тоқаев еліміздің СІМ жаңа басшысына негізгі міндеттерді айқындап берді04.09.2026, 20:49 70116Мадиев пен Binance негізін қалаушы Қазақстанның цифрлық экономикасын дамытуды талқылады04.09.2026, 10:08 66621Шыңғыс Әрінов Алматы облысының әкімі болып тағайындалды04.09.2026, 16:22 64421Тоқаев экология министріне қалдықтарды қайта өңдеу және ормандарды қалпына келтіру міндеттерін жүктеді

