10.02.2017, 21:05 6490

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Иблязовтыӊ Қазақстандағы сыйбайласын анықтады

"Тергеу барысында Мамай Жанболат Мамайұлыныӊ Иблязовтыӊ Қазақстандағы сыйбайласы екендігі анықталды. Ол БТА Банкініӊ қаражатыныӊ бір бөлігін "Саяси қалам: Трибуна" газеті арқылы заӊды қаржылай операциялар түрінде жымқырған", - деп хабарлады ведомствоныӊ баспасөз қызметіндегілер.

Астана. 10 ақпан. Kazakhstan Today - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Жанболат Мамайға қатысты тергеу шараларын жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросыныӊ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы "БТА Банк" АҚ Директорлары кеӊесініӊ бұрынғы төрағасы Мұхтар Иблязовқа, Жаксылық Жарымбетовқа және өзге тұлғаларға қатысты банк қаражатын жымқыру деректері бойынша қылмыстық істіӊ тергеуін жалғастырып жатыр.

"Тергеу барысында Мамай Жанболат Мамайұлыныӊ Иблязовтыӊ Қазақстандағы сыйбайласы екендігі анықталды. Ол БТА Банкініӊ қаражатыныӊ бір бөлігін "Саяси қалам: Трибуна" газеті арқылы заӊды қаржылай операциялар түрінде жымқырған", - деп хабарлады ведомствоныӊ баспасөз қызметіндегілер.

Сонымен қатар, Ұлттық бюро қаржы құжаттары табылуы мүмкін делінген жерлерде тінту шараларын жалғастырып жатқанын хабарлады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны