13.03.2020, 23:00 6930

Әскери қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде нақты нәтижелерге қол жеткізілді

Әскери қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз ету басқармасы 2019 жылдың тамыз айында әскерлерде қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы ұйымдастыру-талдау және бақылау функцияларын жүзеге асыру үшін Қорғаныс министрінің шешімімен құрылды.

Алматы. 13 наурыз. Kazakhstan Today - Әскери қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде нақты нәтижелерге қол жеткізілді.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полициясының бас басқармасында құрылған әскери қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз ету басқармасының қызметі өз нәтижелерін көрсетті.

Аталмыш басқарма барлық ықтимал тәуекелдерді азайту бойынша алдын алу жұмыстарын жүргізеді, барлық әскери бөлімдерде, сондай-ақ жергілікті әскери басқару органдарында әскери қызмет қауіпсіздігінің жай- күйіне бақылау ұйымдастырады.

Бақылау іс - шараларын жүргізу барысында басқарма офицерлері әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға немесе жергілікті халыққа материалдық құндылықтарға яғни, тазалық сақтаудан бастап қару-жарақты қолдануда дейінгі залал келтіруге қабілетті әскери қызметтің барлық салаларын тексереді.

Мысалы, әскери бөлімдерде ғимараттар мен құрылыстардың жай- күйіне, әртүрлі жұмыстарды жүргізу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауға, жеке құрамның қажетті жабдықтарының болуына назар аударылды. Жергілікті әскери басқару органдарында азаматтарды қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы тексерілді.

Бақылаудың нәтижесі көрсеткендей, жалпы әскери қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды орындауда тиісті сабақтар өткізілуде. Сонымен қатар бірқатар кемшіліктер де бар.

Атап айтқанда "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерінің бірінде жөндеуді талап ететін ғимараттарды пайдалануға байланысты (шатырлар мен ғимараттардың ақаулары) әскери қызмет қауіпсіздігінің белгілі бір қатерлері тіркелген. Осындай жағдайларда тиісті шаралар қолданылмаса, әскери қызметшілер түрлі жарақат алуы мүмкін.

Санитарлық-эпидемиологиялық іс-шаралардың өз деңгейінде орындалмауына байланысты жұқпалы аурулардың пайда болуына қатысты алғышарттар анықталды. Одан әрі қарай қажетті жұмысты әскери дәрігерлер жүргізеді. Сонымен қатар аккумуляторларды жөндеу және қызмет көрсету кезінде қауіпсіздік техникасы талаптарын сақтау бойынша ұсыныстар да берілді.

Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша әскери полиция барлық өрескел бұзушылықтар туралы толық анықтама әзірлеп, осыған сәйкес әскер түрлерінің бас қолбасшылары және өңірлік қолбасшылықтарға оларды жою жөнінде нақты нұсқаулар берді. Бұдан өзге, қаржы шығындарын талап ететін мәселелерді шешу үшін 2020 жылға арналған жұмыс жоспарларында қосымша іс-шараларды қарастыру да қолға алынып отыр.

Басқарманың өзінде атап өткендей, белгіленген тәртіп бойынша командирлер мен жауапты лауазымды тұлғаларға кемшіліктерді жою үшін бір ай беріледі. Бір айдан кейін қайта тексерулер ұйымдастырылад. Егер мұндай кемшіліктер жойылмаса, тиісті адамдар жауапқа тартылады.

Әскери қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз ету басқармасы 2019 жылдың тамыз айында әскерлерде қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы ұйымдастыру-талдау және бақылау функцияларын жүзеге асыру үшін Қорғаныс министрінің шешімімен құрылды. Сондай-ақ, басқарма әскери саладағы білікті мамандармен жасақталған.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны