08.05.2020, 15:54 7877

Әскерлерге жақын арада орындалуы тиіс міндеттер белгіленді

Жиналыс соңында, қорғаныс ведомствосының басшысы алдағы келе жатқан Отан қорғаушылар күнімен және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығымен құттықтап, карантин талаптарын сақтай отырып осындай бейнеформатта кәсіби мереке қарсаңында жеке құрамға құрмет көрсетуді тапсырды.

Алматы. 8 мамыр. Kazakhstan Today - Әскерлерге жақын арада орындалуы тиіс міндеттер белгіленді.

Қорғаныс министрлігінде Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында аппараттық кеңес өтті. Қорғаныс ведомствосының және Қарулы Күштердің құрылымдық бөлімшелерінің басшылығымен видеобайланыс режимінде коронавирусқа қарсы күрес жөніндегі іс-шараларға әскердің қатысуының барлық бағыттары бойынша аралық қорытындылар жасалды, әскерлердегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай мен бөлімшелердің жауынгерлік әзірлігін қолдау мәселелері талқыланды.

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев бас штабқа, бас қолбасшы мен қолбасшыға мереке күндері әскери тәртіп пен құқықтық тәртіпті сақтап, сондай-ақ қырағылықты жоғалтпау қажеттігіне баса назар аудару керектігін айтты.

"Әскери нысандардың диверсияға қарсы және лаңкестікке қарсы қауіпсіздігіне, кезекші күштердің уақытылы әрекет етуге дайындығына ерекше назар аудару керек" - деп атап өтті ол.

Әскер түрлерінің бас қолбасшылары, тектерінің және өңірлік қолбасшылықтардың қолбасшылары, Бас әскери-медициналық басқарма мен жаңа бөлімше радиациялық, химиялық, биологиялық қорғау және экологиялық қауіпсіздік әскерлері департаментінің бастықтары жұмыс нәтижелері мен ағымдағы жағдай туралы баяндады.

Құрлық әскерлері, Әуе қорғанысы күштері мен Әскери-теңіз күштері әскери қызметшілерінің ТЖ режимін қамтамасыз етуге қатысуы жалғасуда, әскери полигондарды жаппай тазалау, қару-жарақ пен әскери техниканы пайдаланудың жазғы режиміне ауыстыру жүргізілуде.

Сонымен қатар, оңтүстік өңірдің әскери қызметшілері Түркістан облысы Мақтаарал ауданының су астында қалған ауылдарындағы авариялық-құтқару жұмыстарына тартылған. Жеке құрам мен автомобильдік әскери техника халықты эвакуациялау үшін тартылды.

Әуе қорғанысы күштері әскери-көліктік және әскери авиацияның жұмылдырылуымен жеке құрам мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асырады. Әскери-көлік авиациясы 51 рейс орындап, 1,5 мыңнан астам адам, 38 мың килограммнан астам жүк тасымалдады. Соның ішінде, Қытайдан гуманитарлық жүк пен дәрігерлер, сонымен қатар қазақстандықтарды шетелден эвакуациялау жатады.

Арыс қаласында құрама жасақтың жұмыстары жалғасуда. Тапсырмаларды орындау үшін жаңа ротация келді.

Коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы іс-шаралар шеңберінде арнайы өңдеудің жиынтық отрядтарымен 22 елді мекенінде дезинфекция жүргізілуде. Жалпы көлемі 44 млн. шаршы метрден астам нысандар мен жолдар өңделді. Бөлімшелер дезинфекциялық препараттардың қажетті қорымен қамтамасыз етілген.

Әскери бөлімшелер арасында коронавирустың алдын алу шаралары күшейтіліп, дезинфекциялық іс-шараларды жүргізу тәртібі белгіленді. Бұрын енгізілген әскери қалашықтарда шектеу іс-шаралары бақылауда, бөгде адамдардың әскери бөлімдер мен мекемелерге баруы шектелген, жеке құрамның жаппай жиналуы бар іс-шараларға, шетелдік іс-сапарлар мен демалыстарға шығуға тыйым салынған. Бақылау-өткізу пункттерінде медициналық бекеттер жұмыс істейді.

Ағымдағы жылдың 6 мамырында жүзеге асыру жоспарланып отырған, ПЦР-зертхананы іске қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Нұр-Сқлтан және Алматы әкімшіліктерімен әскери қызметшілер үшін 10 мыңнан астам коронавирусқа эксперсс-тест бөлінген.

Министр жеке құрамды коронавирусқа экспресс-тестпен кеңінен қамтамасыз етуге нұсқау берді.

Жауынгерлік кезекшілікті атқаруға жұмылдырылған әскери қызметшілерді, Әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесінде сақтау, маңызды әскери объектілерді, медициналық персоналды күзету мақсатында оларды әскери бөлімдерден тыс жерлерге шығатын іс-шараларға тартудан алысырақ болу қажет.

Карантинге, провизиялық бақылауға орналастырылуы мүмкін әскери қызметкерлер үшін госпитальдық қорды резервке қою тапсырылды. Бұл шетелдерден келген курсанттарға, тыңдаушыларға, сондай-ақ "көктемгі" шақырудың жаңа жауынгерлеріне қатысты.

Жеке құрам арасында індетті жұқтыруға жол берілген Тараз гарнизоны әскери бөлімінің командирі мен медициналық қызмет бастығын жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізу.

Кеңес барысында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру жайыда қозғалды. Әскерге шақыру ағымдағы жылдың 31 тамызына дейін өтеді, ал мерзімді қызмет мерзімін өткерген әскери қызметшілерді босату ағымдағы жылдың 30 маусымына дейін жоспарлануда. Бұл туралы сәйкес Жарлығына ҚР Президенті Қасым-Жомат Тоқаев қол қойды.

Министр әскерге шақыруды өткізуге кешенді түрде кірісуді, жеке егжей-тегжейлі жоспар дайындауды, жас толықтырушылардың денсаулығының қауіпсіздігін қатаң шаралармен қарастыруды тапсырды. Әскерге шақыру контингентін зерделеу саниатрлық нормалардың талаптарын сақтай отырып, алыстан жүзеге асырылуын айтты. Жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылда әскерге шақырылушыларды COVID-19 жұқпасының бар-жоғына ПТР-тестілеуді ұйымдастыру.

Әскер түрлерінің бас қолбасшысы, өңірлік қолбасшылықтар әскерлерінің қолбасшысы, әскер тектері жеке құрам әскери бөлімдерге келгеннен кейін оларды оқшаулауды ұйымдастырсын, сондай-ақ жас толықтыруды белгіленген мерзімде қабылдау жөніндегі әкімшілік үшін оқшаулау режимін белгілесін.

Жиналыс соңында, қорғаныс ведомствосының басшысы алдағы келе жатқан Отан қорғаушылар күнімен және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығымен құттықтап, карантин талаптарын сақтай отырып осындай бейнеформатта кәсіби мереке қарсаңында жеке құрамға құрмет көрсетуді тапсырды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны