19.10.2007, 16:01 2879

Солтүстік Қазақстан облысында ауыр қылмыстар саны өткен жылғы деңгейде қалып отыр, ал өте ауыр қылмыстар азайған

Солтүстік Қазақстан облысында ауыр қылмыстар саны өткен жылғы деңгейде қалып отыр, ал өте ауыр қылмыстар азайған.

Астана. 19-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Солтүстік Қазақстан облысында 9 ай ішінде ауыр қылмыстар саны 621 болып, өткен жылғы деңгейде қалып отыр, ал өте ауыр қылмыстар 31,7 пайызға қысқарған, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігінің ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, облыста қаңтардан қыркүйек айларына дейінгі кезеңде 3427 қылмыс тіркелген. Жалпы қылмыстардың ашылуы 71,7 пайызды құрайды. Соның ішінде қарақшылық шабуыл 46,9 пайызға, тонау 1,5 пайызға қысқарған. Қарақшылық шабуыл қылмыстарының ашылуы 1,6 пайызға қысқарып 70,4 пайызды құраған, ал тонау 9,5 пайызға қысқарып, 60,9 пайызды құраған.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, бөтен мүлікті ұрлау саны 4,5 пайзға төмендеген. Үстіміздегі жылы 168 адамға іздеу жүргізіліп, 145 ұсталған. Хабар-ошарсыз кеткен 255 адамның 240 жүрген жері анықталған.

Полицейлер есірткінің заңсыз айнылымына байланысты 286 қылмысты анықтаған, оның 129 есірткі сату. Заңсыз айналымнан 495 кг астам әртүрлі есірткі заттары тәркіленген, оның ішінде 434 грамм героин. 3 контрабанда дерегі анықталған.

9 ай ішінде 296 жол-көлік апаты тіркелген, бұл өткен жылғы көрсетікштен 4,5 пайызға төмен, көлік апаттары салдарынан 56 адам қаза тапса, 364 адам жарақаттанған. Балалар қатысқан 62 көлік апаты тіркеліп, солардың біреуінің салдарынан бір бала мерт болған. Жол полицейлері жол ережесін бұзған 37 мыңнан астам дерек анықтап, мас күйінде көлік басқарған 3652 жүргізушіні ұстаған.

Баспасөз қызметіндегілердің атап өтуінше, көші-қон ахуалын талдау уақытша келген шетелдіктер санының жыл сайын тұрақты өсіп келе жатқандығын көрсетеді. Олардың санының өсуі негізінен ТМД азаматтарының уақытша келуіне байланысты. Қазақстан Республикасына келу тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа 4451 адам тартылған, олардың 275 сот қаулысымен республика аумағынан шығарылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны