26.04.2010, 17:47 3331

Солтүстік Қазақстан облысында туыстарын жұмысқа қабылдап, қызметтік жалғандыққа барған мектеп директорына қатысты үкім шығарылды

Солтүстік Қазақстан облысында туыстарын жұмысқа қабылдап, қызметтік жалғандыққа барған мектеп директорына қатысты үкім шығарылды

Астана. 26 сәуір. Kazakhstan Today - Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданында өз туыстарын жұмысқа қабылдаған және мектепте жұмыс істемейтін тұлғаның атына жалақы аударған мектеп директорына қатысты үкім шығарылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының прокуратурасы азаматтардың шағымдарын тексеру барысында осы ауданның Жекекөл орта мектебінің жұмысында заңдылықтың бұзылуына жол берілгенін анықтады.

Тексеру барысында айқындалғандай, "Солтүстік Қазақстан облысындағы қызметкерлердің тізіміне сәйкес, аталған орта мектепте 10 мұғалім және 12 техникалық қызметкерден құралған 22 азамат жұмыс істейді, солардың ішінде 6 қызметкер мектеп директорының туыстары болып табылған. Атап айтқанда, олар бастауыш сыныптарының мұғалімі, тәрбие жұмысы бойынша орынбасары, шаруашылық басшысы, от жағушы, киім кешек ілуші және аула тазалаушы".

Сонымен қатар, Бас прокуратураның хабарлауынша, мектепте жұмыс істемейтін тұлғаның атына жалақы аудару дерегі анықталған, ал 352 596 теңге көлеміндегі жалақы сомасын мектеп директоры өз қажеттіліктеріне жұмсағаны белгілі болған.

"Тексерудің материалдары аудан прокуратурасының шағымдарды есепке алу кітабында тіркеліп, Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарына қарсы күрес департаментіне жіберілген, аталған құқық қорғау органы мектеп директорына қатысты қызметтік жалғандық және қызмет өкілеттігін теріс пайдаланғаны үшін қылмыстық іс қозғаған",- деп хабарладйы баспасөз қызметі.

"Қазіргі уақытта сот мектеп директорына қатысты үкім шығарып, оған 100 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеу және 3 жыл ішінде басқарушы жұмыстарды атқару құқығынан айыру туралы жаза қолданған. Материалдық залал толығымен өтелінген",- делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны