18.09.2017, 16:46 4116

Солтүстiк Қазақстан облысыныӊ әкiмi Құмар Ақсақалов жұмыс сапарымен Тимирязев ауданында болды

Оқу орныныӊ мәжiлiс залында өӊiр басшысы ауыл тұрғындарымен кездестi. Құмар Ақсақалов әӊгiменi жергiлiктi билiк ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлермен бiрге тұрғындардыӊ өмiр сүру сапасын қалай жақсартып жатқандығын сұраудан бастады.

Петропавловск. 18 қыркүйек. Kazakhstan Today - Солтүстiк Қазақстан облысыныӊ әкiмi Құмар Ақсақалов жұмыс сапарымен Тимирязев ауданында болды.

Барған бiрiншi нысан-Дмитриев орта мектебi. Ол 200 оқушыға шақталған, алайда онда қазiр 71 бала ғана оқып жатыр. Биыл бiрiншi сыныпқа 8 оқушы келiптi. Мектепте шағын орталық жұмыс сiтейдi.

Оқу орныныӊ мәжiлiс залында өӊiр басшысы ауыл тұрғындарымен кездестi. Құмар Ақсақалов әӊгiменi жергiлiктi билiк ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлермен бiрге тұрғындардыӊ өмiр сүру сапасын қалай жақсартып жатқандығын сұраудан бастады.

"Атқарушы билiк пен ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлер бiрлескен қимылмен ауылдықтардыӊ кiрiсiн көтеруге тиiс. Бұл-еӊ маӊыздысы. Қазiр бiз ненi iстеуге қолымыз жеттi және тағы ненi iстеу қажеттiгiн сараптамадан өткiзiп жатырмыз",-дедi Құмар Iргебайұлы.

Кездесу кезiнде Дмитриев ауылдық округiнiӊ әлеуметтiк-экономикалық дамуы туралы Тимирязев ауданыныӊ әкiмi Ербол Сағдиев айтты. Ол округте 3 ЖШС және 42 шаруа қожалығы жұмыс iстейтiндiгiне тоқталды.

"Бiздiӊ округте мал және өсiмдiк шаруашылығын дамыту үшiн барлық қолайлы жағдай жасалған. Ауыл шаруашылығын дамыту үшiн мемлекет тарапынан жан-жақты көмек көрсетiледi. Тұрғындардан қайтарым ғана талап етiледi. Дмитриев ауылдық округi ауданды кейiн қарай сүйреуде. Мысалы, басқаларда гектар басы 17 центнер болса, мұндағы шығымдылық 12 центнерден аспайды",-дедi Ербол Болатұлы.

Өз ауыл шаруашылығы құрылымыныӊ жұмысы туралы "ҚазАстықӨнiмдерi" ЖШС-нiӊ директоры Арслан Шаяхметов пен "Каршалов" ЖК басшысы Илен Каршалов айтып бердi.

"Қаз Астық Өнiмдерi" ЖШС-да орташа айлық еӊбекақы 59 мыӊ теӊгенi құрайды, өткен жылғыдан 2000 теӊгеге көп. Өӊiр басшысы Құмар Ақсақаловтыӊ мәлiметiне қарағанда, аталмыш кәсiпорынды мемлекеттiк қолдау 4 млн. теӊгенi құраған. Сондықтан еӊбекақыны әжептәуiр көтеру арқылы сәйкес түрде қайтарым болады деп күтiлген едi.

Өз кезегiнде, өз бизнесiн өткен жылы ғана ашқан жас кәсiпкер Илен Каршалов бақшашылық пен балық шаруашылығын белсендi дамытуда. Ондағы жалданушылардыӊ жалақысы 60 мыӊ теӊге.

"Бiздiӊ ауылдық округ зор әлеуетке ие. Сұраныс бар, соған орай өткiзу де бар. Бiз қолмен жұмыс iстеп, экологиялық таза өнiм өндiремiз",-дедi жеке кәсiпкер.

Ирi қарай Құмар Ақсақалов Москворецкий ауылдық округiнде болды. Бiрiншi кезекте облыс әкiмi Москворецк ауылыныӊ әлеуметтiк маӊызды нысандарымен танысты. Қазiр елдi мекенде дәмхананыӊ құрылысы аяқталып, үйлер салу басталмақ.

Москворецк орта мектебiнде Құмар Ақсақалов оқу орныныӊ материалдық-техникалық базасына қызығушылық бiлдiрдi. Оқу орныныӊ директоры Қайыргелдi Қожиннiӊ сөзiне қарағанда, мұнда 22 мұғалiм жұмыс iстейдi, оныӊ 8-i жоғары санатты. Жаӊа оқу жылына 4 мультимедиа кабинетi жабдықталған. Қазiр 220 орындық мектепте 67 бала оқып жатыр.

Өӊiр басшысыныӊ тұрғындармен кездесуi кезiнде ауылдық округтiӊ әкiмi Светлана Соболевская.баяндама жасады. Оныӊ айтуы бойынша, бiр елдi мекеннен тұратын округте 591 адам түтiн түтетiп жатыр. Ауылда "Москворецкое" ЖШС жұмыс iстейдi.

Агроқұрылымныӊ жұмысы туралы директор Болат Дүйсембаев айтып бердi. "Бiз дәндi және майлы дақылдар өсiрумен айналысамыз. Жалпы егiстiк алқап 28,5 мыӊ гектар, оныӊ егiлгенi 19 мыӊ. Бүгiнгi күнi еӊбеккерлердiӊ орташа айлық еӊбекақысы 84 мыӊ теӊгенi құрайды",-дедi Болат Дүйсенбаев.

Кездесудi аяқтай келе, Құмар Ақсақалов жұмыс сапарын қорытындылады.

"Егiс алқаптарына кiрiс әкелетiн дақылдарды егу арқылы әртараптандыру жүргiзу керек. Бүгiн бiр тонна бидай-43 мыӊ, рапс-120 мыӊ, күнбағыс-90 мыӊ, жасымық-200 мыӊ теӊге тұрады. Осы дақылдарды егу арқылы рентабельдiлiктi көтеруге, кеӊеюге, лайықты еӊбекақы төлеуге, үй және басқа нысандар салуға болады",-дедi өӊiр басшысы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны