27.09.2017, 23:53 5776

Соӊғы үш жылда Ақмола облысы аумағында 7 футбол алаӊы салынды

Отырыста мәдениет, дене шынықтыру және спорт саласына қатысты 2015-2016 жылдардағы мәселелер қаралды.

Көкшетау. 27 қыркүйек. Kazakhstan Today - Соӊғы үш жылда Ақмола облысы аумағында 7 футбол алаӊы салынды. Бұл туралы "Нұр Отан" партиясыныӊ Ақмола облыстық филиалында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеӊес пен партияныӊ бақылау комиссиясыныӊ бірлескен отырысында мәлім болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Отырыста мәдениет, дене шынықтыру және спорт саласына қатысты 2015-2016 жылдардағы мәселелер қаралды.

Күн тәртібіне сай отырыстыӊ алғашқы бөлігінде қоғамдық кеӊес мәселелері талқыланды. Алдымен облыстық мәдениет, спорт және дене шынықтыру басқармалары басшыларыныӊ 2015-2016 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлық әрекеттерініӊ алдын алу және мемлекеттік қызметшілерініӊ қызметтік тәртібін нығайту мәселелерін қамтыған баяндамалары тыӊдалды. Облыстық мәдениет басқармасыныӊ басшысы Сәуле Бөрібаеваныӊ мәлімдеуінше, 2015 жылы 19 адам жұмысқа орналасқан болып мемлекет қаржысын заӊсыз жымқырған. 2016 жылы осындай жолмен жалған жұмысқа орналасу, заӊсыз ақша алу, жалған актілерге қол қою тәрізді 7 факт тіркелген. Ал, ағымдағы жылы бірде-бір құқық бұзушылық тіркелмеген.

Өткен жылы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына 5 миллиард теӊге қаржы бөлінді. Оныӊ 3 миллиард теӊгесі өӊірдегі футболды дамытуға бағытталса, "Оқжетпес" футбол клубына 2 миллиард теӊге қарастырылған. Соӊғы үш жылда облыс аумағында 7 футбол алаӊы салынған.

Бұдан соӊ партияныӊ Көкшетау, Степногорск қалалық және Қорғалжын аудандық филиалдары төрағаларыныӊ бірінші орынбасарлары сыбайлас жемқорлық әрекеттерін алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстары жайында баяндап берді.

Қоғамдық кеӊестіӊ екінші бөлігінде Ақмола облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментініӊ басшысы Берген Беспалиновтіӊ мемлекеттік органдардағы жемқорлық әрекеттерініӊ туындауына жол беретін себеп-салдарды анықтау мақсатында жүзеге асырылатын бағдарламалық құжаттар туралы есебі тыӊдалды. Ал, комиссия отырысында "Нұр Отан" партиясы Ерейментау аудандық филиалыныӊ төрағасы Ермек Нұғымановтыӊ ағымдағы жылдыӊ 8 айында атқарған партия жұмыстары туралы баяндамасы талқыланды.

Жиынға облыс әкімініӊ орынбасары Айна Мысырәлімова, "Нұр Отан" партиясы орталық аппаратыныӊ партиялық бақылау департаментініӊ директоры Нұрлан Баймырзаев, облыстық филиал төрағасыныӊ бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов қатысты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны