26.12.2013, 19:41 2787

Сот ауыл шаруашылығы вице-министрін қамауға алуды санкциялады

Ол мемлекеттік сатып алулар конкурсында жеңімпаз атану үшін кәсіпкерден 100 мың АҚШ доллары сомасында пара алды деп айыпталуда.

Алматы. 26 желтоқсан. Kazakhstan today. Ағымдағы жылғы 24 желтоқсанда Астана қаласының Алматы аудандық №2 соты қылмыстық іс бойынша берілген материалдардың негізінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің вице-министрі Умирьяевті қамауға алу бұлтартпау шарасын санкциялады, деп хабарлайды қаржы полициясы.

Ол мемлекеттік сатып алулар конкурсында жеңімпаз атану үшін кәсіпкерден 100 мың АҚШ доллары сомасында пара алды деп айыпталуда.

Умирьяевті Қаржы полициясы агенттігінің қызметкерлері 21 желтоқсанда өз пәтерінде пара алғаннан кейін ұстады.

Қылмыстық іс тергелуде, өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны