04.05.2007, 15:18 2971

Сот шешімдерін дер кезінде орындамау тұрғысынан азаматтардың құқығын бұзу жүйелі сипатқа көшті - Бас прокуратура

АСТАНА. 4-мамыр. Kazakhstan Today. Сот шешімдерін дер кезінде орындамау тұрғысынан азаматтардың конституциялық құқығын бұзу барлық жерлер де дерлік жүйелі сипатқа көшті. Бұл туралы бүгін республиканың Бас прокуратурасының алқа мәжілісінен кейін құқықтық статистика және арнаулы есеп комитетінің құқықтық статистиканы қалыптастыру басқармасының бастығы Алмагүл Ташмағамбетова баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Кейінгі үш жылда бірқатар облыстардың сот әкімшіліктерінің іс-қызметін тексеру нәтижелерінің қорытындысы сот құжаттарын дер кезінде атқармау тұрғысынан азаматтардың конституциялық құқығын бұзу бәр жерде дерлік жүйелі сипатқа көшкенін айғақтап берді",- деді А.Ташмағамбетова сот әкімшілігі комитеті мен оның аумақтық органдарында 2004-2006-жылдары есептеу және тіркеу тәртіптеріне жүргізілген тексерулерді қорыта келе.

Мәселен, оның түсініктемесіне жүгінсек, "Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Атырау, Қызылорда, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстары мен Астанада сот әкімшіліктерінің кінәсінен осы мерзімде есеп мәліметтері 14 мәрте түзетілген". "Бұл ретте әрбір екінші атқару құжаты мерзімді бұза отырып толтырылған, бірақ, есеп беру қағаздарында бұл көрсеткіш жасанды жолмен төмендетіліп көрсетілген".

"Аумақтық сот әкімшіліктерін тексеру нәтижесінде атқару өндірістерінің аяқсыз қалу оқиғалары анықталған. Ал бұл істерде талап етуші - мемлекет болып табылады. Демек, ел бюджетіне ауқымды қаржы түспей қалған",- деді А.Ташмағамбетова.

Прокурорлық тексерулердің қорытындысы бойынша тек 2006-жылы 1291 сот үкімін орындатушы тәртіптік, 274 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен бірге А.Ташмағамбетованың мәліметтерінше, 2004-жылы 52 сот үкімін орындатушы 98 сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасаса, 2005-жылы 58 қызметкер сыбайлас жемқорлық сипатындағы 85 қылмысқа, 2006-жылы 50 қызметкер 75 қылмысқа барған.

Алқа мәжілісінің қорытындысы бойынша сот әкімшілігіне қатысты өтемақыларды мемлекеттің кірісіне өндіртіп алуға ықпалды шаралар қолдануға, "Атқару өндірісі және сот үкімін орындаушылардың мәртебесі туралы" заң талаптарын бұзу деректеріне жол бермеуге нұқсау берілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны