22.02.2008, 19:03 3287

Сотталған Мұғалжар АІІБ бұрынғы бастығының жұбайы пара бергендігін көпшілік алдында мойындады

Сотталған Мұғалжар АІІБ бұрынғы бастығының жұбайы пара бергендігін көпшілік алдында мойындады

Ақтөбе. 22-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Сотталған Мұғалжар АІІБ бұрынғы бастығының жұбайы Раушан Қали облыстық судьяның бұрынғы төрағасына пара бергендігін көпшілік алдында мойындап, өз әрекетін айыбын мойындап келу ретінде бағалауды сұрады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Біз (Мұғалжар АІІБ сотталған бұрынғы бастығының жұбайы мен туыстары - агенттік ескертпесі) шарасыз жағдайда болдық. Менің күйеуімнің ағасы арқылы Ақтөбе облыстық соттың бұрынғы төрағасымен сөйлесе алатын делдал таптық. Ол бізге облыстық соттың төрағасы ақтап шығаруы үшін 40 мың АҚШ долларын сұрап отыр деді. Біз бұл ақшаны жинап, делдал арқылы табыстадық. Сосын 10 күннен кейін бізге делдал хабарласып, төраға тағы да 10 мың доллар сұрайтынын хабарлады. Сондай-ақ, ол бізге бұл ақшаны Оңтүстік Қазақстан облысында салынып жатқан мешіттің есепшотына аударуымыз керек екендігін айтты",- деп мәлім етті жұма күні шақырылған баспасөз мәслихатында.

Р. Қалидың айтуынша, 2006 жылдың 24-қазаны күні аппеляциялық сот болған. Онда оның күйеуіне "жеңілдетілген баппен" (ҚР ҚК 307 бабы) айыпты деп тауып, рақымшылық бойынша жазадан босатылған.

"Біз мұндай үкіммен келіскіміз жоқ. Себебі, менің күйеуім кінәсіз! Не себепті ол осы бап бойынша сотталуы керек?", - деп мәлімдеді Р. Қали. Осы кезде Ақтөбе қалалық №2 сотының төрағасы таныстары арқылы осындай аппеляциялық шешімнің қабылдануына ықпал еткені туралы сәлем айтып, 40 мың АҚШ долларын бопсалай бастады. Бермеген жағдайда күйеуімнің тағдырына келесі сатыларда ықпал ететінін жеткізген. "Біз ортақ танысымыздың үйінде оған 40 мың доллар беруге мәжбүр болдық", - деді Р. Қали. Алайда, олар шағымданған Жоғарғы соттың қадағалау алқасы облыстық аппеляциялық соттың шешімін күшінде қалдырған.

Сол кезде олар тағы да делдал арқылы облыстық соттың бұрынғы төрағасымен хабарласып, мұншама ақшаны не үшін алғандарын, оның ішінде әріптесі не үшін алғанын сұраған. "Судья бұл туралы біле салысымен, делдалымыздың көзінше Ақтөбе қалалық №2 сотының төрағасын кабинетіне шақырып алып, біздің 40 мың долларымызды қайтаруын талап еткен", - деді Р. Қали. Осы жағдайдан кейін Ақтөбе қалалық №2 сотының төрағасы ақшаны қайтарып берген.

"Мен бұл адамдардың (судьялардың - агенттік ескертпесі) жазалануын талап етемін! Өйткені, олардың қылмысы менің күйеуіме таңып отырған қылмыстан әлдеқайда ауыр", - деп атап көрсетті Р. Қали. "Мен бәріне дайынмын. Кез келген сотта мен оларға пара бергенімді дәлелдейтін боламын. Олар жауапкершіліктен қашқылары келеді... Олар мемлекетіміздің судьяларының атына кір келтіріп отыр", - деді ол.

Тілшілердің сұрақтарына жауап бере отырып, Мұғалжар АІІБ бұрынғы бастығының жұбайы Раушан Қали өзінің пара бергенін көпшілік алдында мойындауын айыбын мойындап келумен бірдей қабылдауды өтінетінін жеткізді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны