06.03.2024, 20:30 121701

Су тасқыны кезеңіне дайындық аясында ШҚО-да мұзды ұсату жұмыстары жүргізілуде

Мұзды ұсақтау нәтижесінде 10 мың шаршы метрден астам аумақ қамтылды
Су тасқыны кезеңіне дайындық аясында ШҚО-да мұзды ұсату жұмыстары жүргізілуде
Сурет: gov.kz
Су тасқыны кезеңіне дайындық аясында ШҚО-да мұзды ұсату жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.

Бүгін құтқарушылар Шемонаиха қаласындағы автомобиль көпірі ауданында мұзды ұсату операциясын жүргізді.  Жару орны кездейсоқ таңдалмаған, өйткені Уба өзенінде қатқан мұз көпірдің тіректеріне жабысып, үлкен «пирамидаларға» айналып, өзенді бітеп, жағалауларды су басуына әкелуі мүмкін.

Бұған жол бермеу үшін құтқарушылар мен жарғыш мамандар мұзды алдын-ала ұнтақтайды.

Жарылыс жұмыстарын жүргізбес бұрын мамандар сол жерге барып, мұздың қалыңдығын өлшейді. Аталған жерде жарылыс жұмыстарын жүргізу кезінде мұздың қалыңдығы шамамен 1 метрді құрады.

Сирена даусымен ескерту жасалады да мұз жару мамандары жарылыс жасайды. Тұрғындарға жарылыс туралы алдын-ала ескертіледі. Көпірдегі қозғалыс және оған кіретін барлық жолдар жабылады.

Мұзды ұсақтау нәтижесінде 10 мың шаршы метрден астам аумақ қамтылды.

Жалпы, Шығыс Қазақстанда көктемгі су тасқынының өтуі әдетте наурыздың екінші онкүндігінен басталып, маусымның екінші онкүндігінің ортасына дейін созылады.

 


 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны