08.05.2024, 19:37 50401

Су тасқынынан қорғау жұмыстарына күш құрылымдарынан 17,5 мың адам жұмылдырылған

Су тасқынынан қорғау жұмыстарына 7 мыңға жуық техника, 1,1 мыңнан астам су айдау және 418 жүзу құралы, 38 әуе кемесі тартылды
Елімізде орын алған табиғи апат кезеңде қазақстандық құтқарушылар, әскерилер мен полицейлер халықты жойқын су тасқынынан қорғауда аянбай еңбек етті, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.

ТЖМ жедел штабының мәліметінше, су тасқыны басталғаннан бері еліміз бойынша апаттық-құтқару жұмыстарына Төтенше жағдайлар, Ішкі істер, Қорғаныс министрліктері бөлімшелерінің, Ұлттық ұлан, Мемлекеттік күзет қызметі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері, жалпы саны 17,5 мың адам жұмылдырылған.

Су тасқынынан қорғау жұмыстарына 7 мыңға жуық техника, 1,1 мыңнан астам су айдау және 418 жүзу құралы, 38 әуе кемесі тартылды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны