14.09.2023, 15:51 28881

Таиланд Қазақстан азаматтары үшін уақытша визасыз режимді енгізеді

Қазақстандықтар Таиландта 30 күнге дейін визасыз бола алады
Таиланд Қазақстан азаматтары үшін уақытша визасыз режимді енгізеді, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

Екіжақты ынтымақтастықты нығайту және туризмді дамыту мақсатында Таиланд Корольдігінің Үкіметі 2023 жылғы 25 қыркүйектен бастап 2024 жылғы 29 ақпанға дейін Қазақстан Республикасының азаматтары үшін уақытша визасыз режимді енгізеді.

Қазақстандықтар Таиландта 30 күнге дейін визасыз бола алады. Ұзақ сапарлар үшін тиісті визаны ресімдеу қажет.

Жарамды жол жүру құжаты ҚР азаматының паспорты болып танылады, оның қолданылу мерзімі шекараны өту кезінде 6 айдан асуы тиіс.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны