18.02.2014, 19:28 3473

Таиланд Корольдігіндегі ҚР Елшісі М.Есенбаев БҰҰ Бас хатшысының орынбасары - АзТМЭИК Атқарушы хатшысы Ш.Ахтармен кездесті

Таиланд Корольдігіндегі ҚР Елшісі - ҚР-дың БҰҰ АзТМЭИК жанындағы Тұрақты өкілі М.Есенбаев БҰҰ Бас хатшысының орынбасары - АзТМЭИК-тың жаңа Атқарушы хатшысы Шамшад Ахтармен кездесті.

Алматы. 18 ақпан. Kazakhstan today. Бангкок қаласындағы БҰҰ Азия мен Тынық мұхитына арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (БҰҰ АзТМЭИК) штаб-пәтерінде Таиланд Корольдігіндегі ҚР Елшісі - ҚР-дың БҰҰ АзТМЭИК жанындағы Тұрақты өкілі М.Есенбаев БҰҰ Бас хатшысының орынбасары - АзТМЭИК-тың жаңа Атқарушы хатшысы Шамшад Ахтармен кездесті.

Сыртқы істер ведомствосынан хабарлағандай, кездесу барысында тараптар Орталық Азия экономикасы үшін БҰҰ Арнайы бағдарламасы (СПЕКА), "Жасыл көпір" серіктестік бағдарламасы, сонымен қатар көлік, сауда, су ресурстары тиімді басқару, энергетика, апат қаупі мен тұрақты даму салалары шеңберінде Қазақстан мен АзТМЭИК арасындағы ынтымақтастық дамуының жоғары серпінін атап өтті.

Ш.Ахтар 2015 жылдан кейінгі БҰҰ дамуының күн тәртібіне толық сәйкес келетін Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясының, аймақтағы жасыл экономикаға көшуде еліміздің жетекші рөлінің маңыздылығын атап өтті. Бұған ҚР-да өткен АзТМЭИК-тың 63-ші сессиясы (Алматы, 2007 ж.), Қоршаған орта жөніндегі 6-шы конференция (Астана, 2010 ж.) және болашақта өтетін ЭКСПО - 2017 Халықаралық көрмесі сияқты іс-шаралар дәлел болып отыр.

АзТМЭИК Қазақстанмен субөңірлік деңгейдегі ынтымақтастыққа ерекше көңіл бөліп, Алматыда Солтүстік және Орталық Азияға арналған кеңсесінің қызметін кеңейтуге сараптық-сабағаттық қолғабыс көрсетуге дайын.

АзТМЭИК БҰҰ Тұрақты даму конференциясының (Рио+20) "Біз қалайтын болашақ" атты қорытынды құжатына сәйкес ресурстарды жұмылдыру әрекеті мен оны тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі тиімді қолданысы үшін БҰҰ көмегімен құрылған тұрақты қаржы стратегиясы жөніндегі үкіметаралық комитетінің жұмысына ҚР қаржы сарапшыларының белсенді қатысуына мүдделік танытуда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны