18.09.2009, 17:42 2920

Талдықорған қаласындағы наркологиялық диспансерде өрт шығуына жылытқыш аспап немесе шылым себеп болуы ықтимал - сараптама нәтижесі

Талдықорған қаласындағы наркологиялық диспансерде өрт шығуына жылытқыш аспап немесе шылым себеп болуы ықтимал - сараптама нәтижесі

Астана. 18 қыркүйек. Kazakhstan Today - Алдын-ала мәліметке сәйкес, Талдықорған қаласындағы наркологиялық диспансерде өрт шығуына жылытқыш аспап немесе шылым себеп болуы ықтимал, деп хабарлайды Kazakhstan Today үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ІІМ мен ТЖМ-нің жедел тергеу тобы өрт-техникалық сараптама жүргізіп, оқыс оқиға орнын тексеріп шықты. Алдын-ала мәліметке сәйкес, өрттің шығуына шағын қуатты жалын көзі түрткі болған. Тергеудің жорамалы бойынша бұлар жылытатын аспап немесе шылым болуы да мүмкін. Өрт ошағы диспансердің фойесінде болған.

"ХХ ғасырдың 50-ші жылдары бұл ғимарат каркасты қамыстан тұрғызылған. Осы жайт өрттің тез таралуына себеп болған. Қасақана өрт жіберу және тоқтың қысқаша тұйықталуының белгілері табылған жоқ. Жүзеге асырылған сот- гистологиялық және токсикалық-химиялық сараптамалар көрсеткендей, адамдардың қазасына көмірқышқыл газынан улану себеп болған. Қаза тапқандардың барлығына жасалған алкоголь тестісі кері нәтиже берді", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны