28.02.2008, 17:10 4202

Тараз қаласының сот залында жауап беруші өзін-өзі өлтірді

Тараз қаласының сот залында жауап беруші өзін-өзі өлтірді

Тараз. 28-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Таразда бүгін 28-ақпанда күндізгі сағат 12-де қалалық соттың сот отырысы залында 43 жастағы ер адам өзін-өзі өлтірді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі. "Ол жұрт алдында 12-ші калибрлі мылтықпен өзінің басынан атқан", - деп хабарлады оқиғаға куә болғандар.

Оқиға орынында хабарлағандай, өткен жылдың сәуір айында ер адам "Альянс Банктен" 510 мың теңге несие алған. Қарыздың қайтарылмауы себепті банк шығынын қайтарып алу үшін сотқа жүгінген. Жауап берушіге 614 мың теңгені қайтару міндеті жүктелген.

Төтенше оқиға орынына шұғыл-тергеу тобы келіп, екі оғы бар мылтықты және марқұмның қалтасынан екі запастағы оқ тапты. Тергеу жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны