27.05.2010, 14:01 2300

Тарихты зерделеудегі Қазақстанның мақсаты - жар астынан жау іздеу емес, мақсат - болған оқиғаны шынайы білу - Назарбаев

Тарихты зерделеудегі Қазақстанның мақсаты - жар астынан жау іздеу емес, мақсат - болған оқиғаны шынайы білу - Назарбаев

Астана. 27 мамыр. Kazakhstan Today - Тарихты зерделеудегі Қазақстанның мақсаты - жар астынан жау іздеу емес, мақсат - болған оқиғаны шынайы білу. Бұл туралы бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Саяси нәубет құрбандарын еске алу күніне орай саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтарымен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Қазіргі тарихты зерттеуде екі ұшқарылық бар: біріншісі - кінәлі кім дегенді табу үшін өткенге жүгіну. Бұл орайда болған оқиғаға бүтін бір халықты айыптағымыз келеді. Екінші көзқарас - бәрі де тамаша болған, қажетті әрі керекті болған деу", -деді Н. Назарбаев.

"Ал меніңше, шындық орта тұста секілді. Біздің мақсатымыз - жауды іздемеу және болған оқиғаларды жадымыздан шығармау, нағыз тарихты зерттеп білу, ұрпақтарымыз оны ұмытпауы үшін оны бейнелеу және еске түсіру".

"Біз әлдекімді немесе тарихты айыптағымыз келмейді. Біз тек шындықты білгіміз келеді. Шындықты білу арқылы біз оның қайта қайталанбауы үшін не істеу керектігін білетін боламыз. Біз бүгін сонау кездегі оқиғаларды еске алу үшін, оларды жадымыздан шығарып алмау үшін бас қосып отырмыз", - деді Елбасы өз сөзінде.

Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ Қазақстан тәуелсіздік алған алғашқы күннен бастап толеранттылық, халықтар арасындағы теңдік пен достық, ел ішіндегі тұрақтылық идеяларын насихаттап келе атқанын атап өтті.

"Осының арқасында біздің еліміз әлем елдерінің құрметі мен сеніміне ие, толеранттылықтың арқасында біз әлемдік дәстүрлі діндердің съездерін өткізіп жатырмыз, біз тек бұрынғы Кеңес Одағының аумағында ғана емес, бүкіл әлем бойынша ықпалдастық үдерісі бастамасын көтеріп отырмыз", - деп атап көрсетті Н.Назарбаев өз сөзінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны