17.12.2017, 18:43 4526

Тәуелсіздік күні қарсаӊында Алматы облысыныӊ тұрғындарына мемлекеттік наградалар тапсырылды

Алматы облысыныӊ әкімі Амандық Баталов Қазақстан Республикасыныӊ Тәуелсіздік күніне арналып Талдықорған қаласындағы "Жастар" Спорт сарайында өткен салтанатты жиында 65 адамға мемлекеттік награда және 7 адамға "Алматы облысыныӊ Құрметті азаматы" атағын тапсырды.

Талдықорған. 17 желтоқсан. Kazakhstan Today - Алматы облысыныӊ әкімі Амандық Баталов Қазақстан Республикасыныӊ Тәуелсіздік күніне арналып Талдықорған қаласындағы "Жастар" Спорт сарайында өткен салтанатты жиында 65 адамға мемлекеттік награда және 7 адамға "Алматы облысыныӊ Құрметті азаматы" атағын тапсырды. Мемлекеттік марапатқа ие болғандар қатарында "Қазақстанныӊ Еӊбек Ері" атанған аӊызға айналған спортшы, танымал меценат әрі бизнесмен Жақсылық Үшкемпіров, "Алматы облысыныӊ Құрметті азаматы" атағын алған космонавт, Халық қаһарманы Айдын Айымбетов те бар, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Мерекелік жиында құттықтау сөз сөйлеген облыс әкімі Амандық Баталов:

- Құрметті жиынға қатысушылар! Осыдан 26 жыл бұрын Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаев: "Тәуелсіздіктіӊ біздіӊ бәрімізге артар міндеті мол. Қазақстанныӊ көп ұлтты халқыныӊ жұлдызы жоғары болатынына, туған елімізде дәулетті де сәулетті өмір орнайтынына сенемін", - деген еді. Міне, бүгінде Елбасыныӊсенімі орындалып, ел үміті ақталды!Еліміз Көк байрағын желбіретіп, асқақ рухты Инұранын қалықтатып, азат елге айналды. Ел іші тыныш, іргеміз бүтін болса, Қазақ елініӊ алар асуы мен шығар биігі - әлі алда.Бүгінгі шыққан биігіміз - Президентіміздіӊ дара көшбасшылығыныӊ, сіздердіӊ ерен еӊбектеріӊіздіӊ, ел игілігі үшін атқарылған жұмыстардыӊ нәтижесі, - деді А. Баталов.

Мұнан кейін облыс басшысы Алматы облысыныӊ ел дамуына елеулі үлес қосып отырғанын атап өтті. Мәселен, өӊдеу секторыныӊ үлесі 85 % жетіп, еліміз бойынша еӊ жоғарғы көрсеткішке ие болған. Республика бойынша өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімініӊ 17 проценті біздіӊ өӊірде өндіріледі. Сол сияқты А. Баталов мемлекеттік қолдаудыӊ нәтижесінде облыста биылғы жылы 133 білім беру нысаны, яғни 27 мектеп пен 96 жекеменшік балабақша іске қосылғанын тілге тиек етті.

- Құрметті қауым!Баршаӊызды ұлық мерекеміз - Тәуелсіздік күнімен тағы да құттықтаймын!Табыстарыӊыз мол, шығар асуларыӊыз биік болсын! Көк туымыз тұғырлы, Тәуелсіздігіміз ғұмырлы болсын! - деп өзініӊ ізгі тілегін жеткізді.

Өӊірдегі өнеркәсіп, аграрлық сала, денсаулық сақтау, білім беру, кәсіпкерлік, спорт және әлеуметтік қызмет көрсету салаларыныӊ үздік мамандарынаұзақ жылғы еӊбегі мен жемісті қызметі үшін "Парасат", "Құрмет", III дәрежелі "Еӊбек даӊқы"ордендері, "Ерен еӊбегі үшін", "Шапағат" медальдары, Қазақстан Республикасыныӊ Құрмет грамотасы, "Алматы облысыныӊ Құрметті азаматы" атағы берілді. Жоғары дәрежелі награда - "Қазақстанныӊ Еӊбек Ері" атағы даӊқты спортшы, олимпиада чемпионы, белгілі меценат-кәсіпкер Жақсылық Үшкемпіровке бүгін Астана қаласында тапсырылды.

Награда алғандар атынан "Нүсіпов және К" ЖШС директоры Қанатхан Нүсіпов пен "Сұӊқар Алматы" құс фабрикасыныӊ бас директоры Дмитрий Чалых сөз сөйлеп, өз құттықтауларын жеткізді.

Салтанатты жиын соӊы концерттік бағдарламаға ұласты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны