27.04.2009, 15:19 2695

Тек бір аптада ғана құқық қорғау органдарының бірнеше қызметкері пара алғаны үшін ұсталды - ҚР ІІМ

Тек бір аптада ғана құқық қорғау органдарының бірнеше қызметкері пара алғаны үшін ұсталды - ҚР ІІМ

Астана. 27 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Тек бір аптада ғана құқық қорғау органдарының бірнеше қызметкері пара алғаны үшін ұсталды. Бұл туралы ҚР ІІМ тіл саясаты және ақпарат департаменті жетекшісінің орынбасары Ернұр Уәли министрлікте өткен апталық брифингте мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Тек өткен бір аптада ішкі қауіпсіздік қызметі Атырау облыстық Ішкі істер департаментінде су полициясы бөлімінің бастығын; Қарағанды облыстық Ішкі істер департаментінде - учаске инспекторы мен тергеушіні; Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында тергеушілерді пара алғаны үшін ұстап, қылмыстық жауапкершілікке тартты", - деді Е. Уәли.

Оның айтуынша, полиция қызметкерлері жасаған қылмыстардың жартысына жетпейтін бөлігін ішкі істер қызметкерлерінің өздері әшкереледі.

"Сол себепті ІІМ басшылығы осы жұмысқа жіті назар аударып отыр, ішкі істер бөлімдері, Бас прокуратураның бөлімшелері, ҰҚК және қаржы полициясы арасындағы ықпалдастық жақсара түсуде", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны