04.01.2008, 18:37 3312

Теміртау прокуратурасы 72 заңсыз еңбек мигранттарын анықтады

Теміртау прокуратурасы 72 заңсыз еңбек мигранттарын анықтады

Қарағанды. 4-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Теміртауда прокуратура қызметкерлері "Централ Азия Цемент" АҚ кәсіпорынына жүргізген тексеру барысында Өзбекстаннан келген 72 заңсыз еңбек мигрантын анықтады. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Қарағанды облысының прокуратура басқармасының прокуроры Жанқозы Накишев хабарлады.

"Бұл адамдар "Централ Азия Цемент" АҚ мердігері болып табылатын "Оргпроектцемент" ЖШС еңбек қатынасына тұрған",- түсіндіріп өтті Ж. Накишев.

"Заң талаптарына қарамастан, 72 адам өздерінің уақытша тұратын жерлері бойынша дер кезінде тіркелмеген. Сонымен қатар, олардың келу мақсаттары көші-қон карталарында жеке мақсат ретінде рәсімделген",- деп атап өтті прокурор.

Шетелдіктер тіркелу тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды. Сонымен қатар, олардың үстінен елге келу мақсаттарының көші-қон карталарында көрсетілген мақсатқа сай еместігі үшін қозғалған әкімшілік іс сот қарауына жіберілді.

Ж. Накишевтің мәліметтеріне сүйенсек, "дәл осы кәсіпорында, сондай-ақ "Карцемент" АҚ жыл басынан бері компания басшылығының шақыруына сәйкес, кеңесші ретінде келген Ұлыбритания азаматы заңсыз еңбек етіп келген".

Сот оны республика аумағынан аластату туралы шешім шығарды.

"Шетелдік жұмыс күшін тиісті рұқсатынсыз жұмысқа тартқаны үшін "Централ Азия Цемент" АҚ мен "Карцемент" АҚ басшылары әкімшілік жауапқа тартылды",- деп хабарлады Ж. Накишев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны