02.07.2008, 17:44 979

ТМД елдері үшін Иуе қорғанысының бірлескен күштерінің қызмет етуі бойынша бұрынғыдан да тиімді келісімі бекітілді

ТМД елдері үшін Иуе қорғанысы мен аспандағы лаңкестікке қарсы әрекет ететін бірлескен күштердің қызмет етуі бойынша бұрынғыдан да тиімді келісім бекітілді. Бұл туралы бүгін ТМД елдерінің Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында РФ қорғаныс министрі Анатолий Сердюков мәлімдеді.

Бішкек. 2 шілде. "Қазақстан Бүгін" - ТМД елдері үшін Иуе қорғанысы мен аспандағы лаңкестікке қарсы әрекет ететін бірлескен күштердің қызмет етуі бойынша бұрынғыдан да тиімді келісім бекітілді. Бұл туралы бүгін ТМД елдерінің Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында РФ қорғаныс министрі Анатолий Сердюков мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Бүгін біз әскери саладағы өзара іс-қимыл мәселелерінің сан саласын, бірінші кезекте, 2015 жылға дейінгі ТМД мемлекеттерінің әскери ынтымақтастығын дамыту бағытындағы мәселелерді қарастырдық", - деп атап көрсетті Ресей министрі.

Оның айтуынша, отырыста сондай-ақ 2009 жылға ТМД мемлекеттерінің Қорғаныс күштерін бірлесе отырып жедел дайындау шараларының жоспары бекітілді. "Оның ішінде "Искери ынтымақтастық - 2009" атты әуе қорғанысы күштерінің бірлескен жаттығуларын өткізу қарастырылған", - деп хабарлады А. Сердюков.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны