Тоқаев Қазақстан халқының сенімін ақтауға уәде берді
Шын мәнінде, ел сенімін еш нәрсемен өлшеу мүмкін емес. Халықтың сенімі - ең құнды нәрсе. Сайлау нәтижесін халқымыздың саяси бағдарыма - бағасы, алдағы жоспарыма - батасы деп қабылдаймын. Халқының қолдауына ие болып, ел тізгінін ұстау - ер азамат үшін ең биік мәртебе әрі орасан зор жауапкершілік", - деді Қазақстанның қайта сайланған Президенті.
Қазақта "аманат" деген асыл ұғым бар. Халқымның сенімі - маған аманат. Осы аманатқа адал болу - мен үшін қасиетті парыз. Ел үмітін ақтап, Қазақстанды өркендеген, бақуатты мемлекетке айналдыру үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сайлау науқаны 3 айға жуық уақытқа созылды. Осы кезеңде еліміздің болашағы туралы түрлі мазмұнды пікірталастар болды. Жұртымыз өз болашағына бей-жай қарамайтынын көрсетті. Азаматтық қоғамның кемел институтқа айналғаны айқын аңғарылды. Саяси алаңға жаңа тұлғалар шықты. Осылайша, халқымыз 20 қарашада өз таңдауын жасады", - деді ол.
Президенттікке кандидаттарға да құрметімді білдіремін. Сайлауда саяси партиялар және қоғамдық ұйымдар маңызды сәтте жұдырықтай жұмыла алатынын көрсетті. Осы ретте, мені президенттікке ортақ кандидат ретінде ұсынған халық коалициясы мүшелеріне рахмет айтқым келеді", - деді ол.
Мен бүгін көк туды сүйіп, дана халқымның алдында бас идім. Азаттық жолында құрбан болған бабалар рухына тағзым еттім. Елімнің арман-мұратына өмір-бақи адал болуға серт бердім. Ешқашан адалдықтан аттамауға және ел мүддесіне қиянат жасамауға ант еттім. Ата заңға қолымды қойып, оның әр сөзін мүлтіксіз орындаймын. Халқымның алдындағы осы антым алдағы қызметімде мен үшін айнымас темірқазық болады", - деп қосты ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
Мусин: Біз тұрғындарды сапалы интернетпен қамтамасыз етуге міндеттіміз
Бүгінгі таңда интернет - бұл әлеуметтік қажеттілік, оны адамның негізгі қажеттіліктерінің бірі деп айтуға болады. Біз тұрғындарды сапалы интернетпен қамтамасыз етуге міндеттіміз", - деді Бағдат Мусин.
Жұртшылық бостан бос шағымданбайды. Астанадағы Тұран даңғылына шықсақ байланыстан ажырап қалатын кездер болады. Манхэттен, SAT City тұрғын үй кешені және КАЗГЮУ аумағында байланыс сапасы нашар. Сіздер бұл жақта көп қабатты үйлердің көп емес екенін түсінулеріңіз керек. Бұл мәселені бірлесіп шешуіміз керек", - деп атап өтті Мусин.
Біз реттеуші ұйым ретінде айыппұлдарды салуды тоқтатпаймыз, алайда бірақ менің ойымша, бұған басқаша бағытта қарау керекпіз. Яғни, келіссөздерге келіп, әр тақырып пен бағыт бойынша мәселелерді бірлесе шешуіміз керек", - деп қорытындылады өз сөзін Бағдат Мусин.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Тоқаев Астананы дамыту бойынша бірқатар тапсырмалар берді
Қала тез үлкейіп келеді. Сол себепті қазіргі таңда Бас жоспарға қойылатын талаптар жиі бұзылады. Сондықтан инженерлік инфрақұрылымды кешенді түрде дамыту - басты міндет. Алайда бұл бағытта бірқатар мәселе бар. Атап айтқанда, әкімдік ЖЭС-3-ті пайдалануға бере алмай келе жатқанына 10 жылдан асты. Жобаны аяқтау мерзімі бірнеше рет шегерілді. Бұл оның 53 миллиард теңгеге қымбаттауына себеп болды. Аталған мәселе 2019 жылы көтерілді. Бірақ нысанның әзірлік деңгейі бұрынғыдай 83 пайызды құрап отыр. Нәтижесінде, қазір елорда 300 гигакалорийден астам жылу энергиясы тапшылығынан зардап шегіп отыр. Үкімет әкімдікпен бірлесіп, жыл соңына дейін ЖЭС-3-тің бірінші кезеңінің іске қосылуын қамтамасыз етуге және екі газ қазандығының құрылысын аяқтауға тиіс", - деді Мемлекет басшысы.
2019 жылы "Сарыарқа" магистральді газ құбырының бірінші кезеңі аяқталды. Әкімдіктің міндеті - 300 мыңнан астам адам тұратын тұрғын үй алаптарына газ жеткізу. Қазіргі таңда небәрі 8 мыңға жуық абонент газға қосылған. Газбен қамту қарқынының баяу болуы салдарынан экология бүлінеді. Аязды күндері пешпен жылытылатын үйлердің түтіні қаланы басып қалады. Елорданы газбен қамту ісін аяқтау жөнінде бұған дейін бірнеше рет тапсырма бердім. Бірақ оның орындалу мерзімі үнемі кейінге шегеріледі", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Төрт мыңға жуық үлескердің мәселесі әлі күнге дейін күн тәртібінен түспей тұр. Әкімдік пен Үкімет бұл мәселені жылдың соңына дейін шешуге тиіс. Сонымен қатар заңнамалық базаның осалдығы салдарынан қалада жаңа түйткілді нысандар пайда болуы мүмкін. Қазір Астанада рұқсат етілген құжаттары жоқ 90-нан астам тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Құрылыс компаниялары жай ғана мардымсыз айыппұл төлеп, азаматтардан ақша тартуын қояр емес. Үкімет мемлекеттік реттеу шараларын қатаңдатқаны жөн. Құрылыс компанияларының заңды белден басып, үлескерлерден ақша тартуына жол беруге болмайды. Бұл жұмысқа Қаржылық мониторинг агенттігі атсалысуға тиіс", - деді Президент.
Автокөлік саны жыл сайын көбейіп жатыр. Сол себепті көлік кептелісі өте күрделі мәселеге айналды. Бұл, тіпті, қала тұрғындарының ашу-ызасын туғызып отыр. Мысалы, Мәңгілік ел даңғылы кептелістен көз ашпайды. Тәуелсіздік даңғылында салынып жатқан көпірдің құрылысын осы жылдың соңына дейін аяқтау қажет. Сонымен қатар кіші айналма жолдың (46 шақырым) құрылысы созылып кетті. Оның үстіне жаңа тұрғын үй кешендерін салғанда, жол мәселесі толыққанды ескерілмейді. Бір сөзбен айтқанда, көлік саласын дамыту жұмысы ақсап тұр", - деді Президент.
Мен бұрын да айттым. LRT жобасы, негізінен, қате болды. Бірақ қазіргі таңда басқа амалымыз жоқ. Бұл жобаны жүзеге асыруымыз керек. LRT-ның құрылысын тоқтатсақ, шығын одан да көп болады. Ал балама жобалар жоқ", - деді Мемлекет басшысы.
Қазір Есілдің жағасына дұрыс көңіл бөлінбей отыр. Мысалы, көрші елдегі Қазан қаласының тәжірибесін зерттеп көруге болады. Бұл қаланың көшелері, саябақтары және жағалау алаңдары өте әдемі және тартымды. Біздің мақсатымыз - елордамызды жылдың кез келген мезгілінде халқымызға және шетел адамдарына барынша қолайлы ету, Астананың келбетін мейлінше жақсарту. Өзенге жаяу адам жүретін көпірлер салу керек. Мұндай өткел, әсіресе, қазір салынып жатқан Тәуелсіздік даңғылындағы көпірдің маңайына қажет. Көлік жүруге болмайтын көшелер жөнінде талай рет айтылды. Бірақ қалада ондай бір де бір көше салынған жоқ. Жалпы, әлемдік тәжірибеде дәл осындай көшелер көптеп салынады. Бұл мәселені мұқият ойластыру керек. Білікті мамандарды тартып, оңтайлы шешім қабылдауға болады. Мысалы, бізде ЭКСПО аумағы бар. Бір қарағанда, өте әдемі жер. Бірақ қаңырап бос жатыр. Шын мәнінде, оған жан бітіріп, жұрт жаппай демалатын орынға айналдыруға болады. Қоғамдық кеңістікті дамытудың бірыңғай тұжырымдамасын қабылдаған жөн", - деді Президент.
Қазір жұрт балаларын сыртқа шығарудан қорқады. Өйткені ауланың бәрі автокөлікке толып тұр. Бұдан былай көлік тұрағы болмаса, бір де бір үй салынбауы керек. Үкіметке нақты шешім қабылдауды тапсырамын. Сондай-ақ Министрліктер үйінің маңында автотұрақ тапшы. Жұрт көлігін қайда қоярын білмей әуре-сарсаңға түседі. Тіпті, көліктерін жақын жердегі үйлердің ауласына қоюға мәжбүр болады. Бұл тұрғындарға үлкен қолайсыздық тудыратыны түсінікті. Бас прокуратура және "Жусан банкі" ғимаратының ортасында бос жер бар. Жоғарғы Сот ғимаратының артындағы алаң да бос жатыр. Әкімдікке осы екі жердің біріне көп қабатты жабық паркинг және жаяу адам өтетін көпір салу мүмкіндіктерін қарастыруды тапсырамын", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Әр аудандық әкімдік өз білгенімен әрекет жасайды. Шаһардағы жасыл желектің саны мен сапасы туралы нақты мәлімет жоқ. Яғни, жүйелі жұмыс жүргізілмейді. "Астана-көгалдандыру құрылысына" қарасты тәлімбақтың мүмкіндігі толық қолданылмай отыр. Дұрыс күтім болмаған соң, қала аумағындағы көшеттер қурап жатыр. Көгалдандыру кезінде отырғызылатын жасыл желектің 10 пайызы ғана - көпжылдық өсімдіктер. Бір маусымдық гүлдерге жыл сайын шығындану - қаржыны желге шашу деген сөз. Әкімдікке үш жылдың ішінде көпжылдық өсімдіктердің үлесін кемінде 50 пайызға жеткізуді тапсырамын. Сіздерге нақты міндет қоямын: алдағы бес жылда елордамыз жасыл шаһарға айналуы керек", - деді Президент.
Елорда тұрғындарының саны соңғы 10 жылда 2,5 есе өсті. Медицина инфрақұрылымы бұл қарқынға ілесе алмай жатыр. Емханаларда кезек көп. Перзентханаларда орын тапшы. Ондағы жүктеме қалыпты нормадан 68 пайызға артық. Сондай-ақ кейбір ауруханада санитарлық талаптар сақталмайды. Балалар емханасындағы қабылдау бөлмелері заман талабына сай емес. Қалада балаларға арналған жалғыз травматология пункті бар. Жарақат алған балалар сол жерде ұзын-сонар кезекте тұруға мәжбүр болады. №3 көпсалалы балалар ауруханасы тек инфекциялық аурулардан емдейді. Онда хирургия, офтальмология және травматология бөлімдері жұмыс істемейді. Елорда үшін бұл - ұят нәрсе. Денсаулық сақтау министрлігі қала әкімдігімен бірлесіп, балалар медицинасына қатысты мәселенің бәрін шешуі қажет", - деді Президент.
Астанада білім ошақтарының құрылысы баяу жүріп жатыр. Былтыр небәрі 3 мектеп салынды. 8 мектеп дер кезінде пайдалануға берілмеді. Соның кесірінен бала саны артық және үш ауысыммен оқытатын мектептер көбейді. Кей сыныптарда 30-дан астам бала оқиды. Бұл, әрине, білім сапасына кері әсерін тигізеді. Сонымен қатар ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған арнайы мектептерде орын жетіспейді. Әкімдік Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп, мұның бәрін шешуге баса мән беруі керек. Жалпы, мектеп салу мәселесі бұл - стратегиялық міндет. Оны орындау үшін мемлекет қана емес, қалталы азаматтар да белсене атсалысуы керек. Мен бұл мәселені осыған дейін де талай рет айттым. Бірақ ниеті бар азаматтарды және нақты іс-әрекетті әзірге көріп отырған жоқпыз. Жалпы, жеке қаржыға мектеп салудың жолдарын ойластырған жөн. Сонымен қатар педагог мамандардың тапшылығын толығымен жою - маңызды міндет. Ұстаздардың біліктілігін арттыру мәселесі басты назарда болуға тиіс. Жалпы, қаланың білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтерген жөн. Әзірге бұл бағытта айтарлықтай ештеңе жасалып жатқан жоқ", - деді Мемлекет басшысы.
Өңдеу өнеркәсібін, ІТ секторды және жаңа технологияларды дамытуға баса назар аудара отырып, арнайы экономикалық аймақ жұмысын қайта ұйымдастыратын уақыт жетті. Сапалы жұмыс орындарын ашу керек. Ол үшін тиісті инфрақұрылым қажет. Дегенмен бұл бағыттағы жұмыс көңіл көншітпейді. №1 Индустриялды парктің іші 95 пайыз толғанымен, әкімдік оның инфрақұрылымын он жылдан бері аяқтай алмай келеді. Бұл мәселе көптен бері көтерілгенімен, әлі нәтиже жоқ. Мысалы, "Selena Insulations" ЖШС-нің құрғақ құрылыс қоспаларын шығаратын зауыты алты жылдан бері жылу желілеріне қосыла алмай келеді. Оның үстіне 2017 жылдан бері әкімдік №2 Индустриялды паркке коммуникация жүргізбеген. Тіпті жобалық-сметалық құжаттамасы да жоқ. Шын мәнінде, бүгінде әлеуетті инвесторлар сұраншақтың күйін кешіп отыр. Қолын бір сілтеп, кетіп қалатыны содан. Нәтижесінде, Астана ірі көлемдегі инвестициядан қағылады", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қабылданған шаралардың тиімсіз екені анық. Жылдар бойы елорданың айналасында азық-түлік белдеуін дамыту туралы айтылды, бірақ бұл жұмыс орындалмады. Астана азық-түлікті Алматыдан 4 есе, ал Шымкенттен 2 есе аз өндіреді. Жалпы, барлық өңірмен салыстырғанда, қала бұл көрсеткіш бойынша соңғы орында тұр. Кейінгі 8 жылда елордаға әкелінетін азық-түлік импорты 3 есеге артты. Негізінен осы жерде шығаруға болатын өнімдер туралы сөз болып отыр. Бұл ретте жергілікті қайта өңдеу кәсіпорындары тек жарым-жартылай жұмыс істеп тұр. Көкөніс сақтайтын қойманың жетіспеуі салдарынан жағдай қиындап отыр. Сондықтан 2025 жылға дейін қалада 13 мың тоннадан астам көкөніс сақтайтын қоймалар салу керек. Ауыл шаруашылығы министрлігі Астана қаласы мен Ақмола облысының әкімдіктерімен бірлесіп, елорданың айналасында азық-түлік белдеуін қалыптастыру жөнінде пәрменді шаралар қабылдағаны жөн", - деді Президент.
Астананың және Ақмола облысының әкімдері қала маңындағы аудандарда тұратын жұрттың әл-ауқатын арттыруға күш салуы керек. Астана агломерациясы инвестиция тартуға, инновацияларды енгізуге және білікті мамандардың еңбек етуіне барынша ыңғайлы болуға тиіс. Осы бағыттағы жұмысты жандандыру қажет. Әлем экономикасында түбегейлі өзгерістер болып жатқан қазіргі кезеңде бұл - өте өзекті мәселе. Біз осы тарихи мүмкіндікті пайдаланып, елорда аймағын еліміздің экономикалық тірегіне айналдыруымыз керек", - деді Мемлекет басшысы.
Мен Біріккен Араб Әмірліктеріндегі G42 компаниясының басшыларымен арнайы кездестім. Бұл компания жасанды интеллектіні дамыту ісінде көш бастап отыр. Олар "ақылды қала" жобасы аясында осы саладағы озық тәжірибесін бізге ұсынуға дайын. Әкімдікке Цифрлық даму министрлігімен бірлесіп, бұл жұмысты дереу қолға алуды тапсырамын. Жалпы, ІТ-бизнес өкілдерін және осы саладағы білікті мамандарды тарту қажет. Сол арқылы бас қаламыз аймақтың "Digital nomads" орталығына айналмақ. Біз Астананы жасампаз, жайлы және таза қала қағидасына сәйкес дамытуымыз керек. Әлемдегі барлық озық тәжірибені тиімді пайдалануымыз керек", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Құжатта қаланы кешенді түрде дамытудың негізгі бағыт-бағдары айқын көрсетілуге тиіс. Әкімдікке арнайы қоғамдық тыңдау өткізіп, қаланың жаңа Бас жоспарын әзірлеуді тапсырамын. Сосын Үкімет оны жыл соңына дейін мақұлдауы керек. Президент Әкімшілігі жұмыстың уақтылы әрі сапалы орындалуын бақылауға алады", - деді Президент.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ақпарат министрі қазақстандық журналистерге жасалған шабуылдарға қатысты пікір білдірді
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Нұркен Шәрбиев ҚР экология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қазақстанда балалар азаматтық ауыстырған кезде Ұлттық қордан ақша алмайды
Егер бала азаматтығын ауыстырса, бұл қаражатты ол алмайды. Бұл ақша басқа балаларға, жалпы Ұлттық қордың ішінде үлестіріледі. Ұлттық қордағы шотынан ақша алғанда оған салық салынбайды", - деді Әлібек Қуантыров.
2024 жылдан бастап осы тетік іске асады. Жүйеде болған 18 жасқа дейінгі балаларға жылдық қорытынды бойынша тиісті инвестициялық кірістің 50 пайызы түседі. Осы 50 пайыз әр балаға үлестіріледі. Жалпы 6,5 млн бала 18 жасқа толғанша осы жүйеде болады. Мысалы, инвестициялық кіріс теріс болса, не болатынын да талқыладық. Тек бір жылдың кірісін ғана қарамаймыз. Біз орташа 18 жылдағы кірісті аламыз. Себебі, біздің мониторинг бойынша 18 жылдың ішіндегі әр кезеңде кіріс оң болуы керек. Сол себепті осы механизм бойынша жұмыс істейміз", - деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
AMANAT партиясының кезектен тыс съезі 7 ақпанда өтеді
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қазақстанда қанша шетелдік автокөлік заңдастырылды
Шетелдік автомобильдерді заңдастыру жалғасуда. Бүгінгі таңда 30 415 өтінім мақұлданды. 6868 автокөлік сәтті заңдастырылды", - деп хабарлады ҚР ІІМ.
- Автокөлік Қазақстанға 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген болуы керек;
- Криминалдық есепте болмауы керек;
- Басқа мемлекетте бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылуы тиіс;
- Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден әкелінген автокөлік кедендік тазартудан өтуі қажет.
- е-gov.kz электронды үкімет порталы арқылы;
- Екінші деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы;
- ХҚКО-ның "Өз-өзіне қызмет көрсету секторы" арқылы.
- Өтінім;
- Өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат;
- Көлік құралының паспорты немесе тіркеу туралы куәлік;
- Көлік құралына меншік құқығын растайтын құжат.
- Алғашқы тіркеу үшін - 200 000 теңге;
- Техпаспорт үшін мемлекеттік БАЖ - 4 313 теңге;
- Мемлекеттік нөмір - 9 660 теңге.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Нұркенов Астана әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды
Нұрлан Нұркенов жол-көлік инфрақұрылымын дамыту, қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану, қалалық ортаның сапасын бақылау, кешенді абаттандыру, санитарлық тазалау және т.б. мәселелер бойынша жетекшілік етеді", - деді баспасөз қызметінде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
31.01.2023, 08:31Қазақстанда қанша шетелдік автокөлік заңдастырылды 31.01.2023, 10:49 2641AMANAT партиясының кезектен тыс съезі 7 ақпанда өтеді31.01.2023, 12:38 2111Қазақстанда балалар азаматтық ауыстырған кезде Ұлттық қордан ақша алмайды31.01.2023, 10:17 2031Бас прокуратура шетелдік және отандық қызметкерлердің жалақысындағы теңгерімсіздік ең көп таралған бұзушылық деп атады31.01.2023, 11:34 186110 мыңнан астам бизнеске қойылатын талап реттеуші саясаттың шарттарына сәйкес келмейді - Смайылов
27.01.2023, 13:52 54281Жағдай халықаралық мәртебеге сәйкес келмейді - Смайылов әуежай құрылысының ұзаққа созылғаны үшін Шымкент басшылығына сөгіс жариялады27.01.2023, 13:36 54206Қазақстанда медициналық бұйымдарды тіркеу қағидалары өзгереді27.01.2023, 13:09 53856Астана әкімі Тоқаевқа елордада жаңа әлеуметтік нысандардың құрылысы туралы айтты25.01.2023, 13:19 51386Алматыда ЖРВИ-мен сырқаттанушылық өсуде27.01.2023, 11:50 50796Қылмыстық процеске қатысушыларға қатысты қауіпсіздік шараларын сақтау қағидалары жаңартылады
12.01.2023, 12:02 63411Назарбаев құрметті сенатор атағынан айырылды12.01.2023, 13:34 63071Қазақстанда 23 қаңтардан бастап шетелдік автомобильдерді заңдастыру басталады12.01.2023, 12:49 61911ҚР-да колледж студенттеріне демалыс уақытында жол ақысы растайтын құжаттарсыз төленетін болды27.01.2023, 13:52 54281Жағдай халықаралық мәртебеге сәйкес келмейді - Смайылов әуежай құрылысының ұзаққа созылғаны үшін Шымкент басшылығына сөгіс жариялады27.01.2023, 13:36 54206Қазақстанда медициналық бұйымдарды тіркеу қағидалары өзгереді