15.03.2022, 18:58 9501

Тоқаев мәдениет және спорт министріне келесі Олимпиадаға дайындықтың тиімділігін арттыруды тапсырды

Тоқаев мәдениет және спорт министріне келесі Олимпиадаға дайындықтың тиімділігін арттыруды тапсырды
НҰР-СҰЛТАН. 15 НАУРЫЗ - Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев кездесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа мәдениет, спорт, туризм, архив және баспа ісі салаларының қазіргі жағдайы жөнінде мәлімет берді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Дәурен Абаев Қасым-Жомарт Тоқаевтың спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелерді жан басына қарай қаржыландыру, бұқаралық спортты қарқынды дамыту жөнінде берген тапсырмаларын орындау ведомство жұмысындағы негізгі бағыттың бірі екенін атап өтті", - деп хабарлайды Ақорда.

 
Президенттің айтуынша, биыл министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығын тиісті деңгейде атап өтуі қажет.
 
Мемлекет басшысы ұлттық спорт резервінің ірі халықаралық жарыстарға, соның ішінде 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарына дайындығын күшейтуді тапсырды.
 
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев жастар үшін ұлттық мәдениеттің бәсекеге қабілеттілігі мен тартымдылығын арттыру қажет екенін айтты.
 
Президент карантиндік шектеулердің елімізде және шет мемлекеттерде жеңілдетілуіне байланысты туризм саласын дамытудың тың жолдарын әзірлеу маңызды деп есептейді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны