08.02.2022, 17:30 27061

Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың бес жылға арналған тұжырымдамасын бекітті

Жарлықтың орындалуын бақылау ҚР Президенті Әкімшілігіне жүктелген.
Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың бес жылға арналған тұжырымдамасын бекітті
Сурет: akorda.kz
НҰР-СҰЛТАН. 8 АҚПАН - Биылғы 2 ақпанда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасында 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Тұжырымдамасын және оны іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын бекіту туралы Жарлыққа қол қойды.
 
Стратегиялық құжат халықаралық стандарттарға, үкіметтік емес ұйымдардың, бизнес-қоғамдастықтың, мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен азаматтардың ұсыныстарына негізделген.
 
Тұжырымдама зардаптармен күрестен сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын жүйелі түрде жоюға, жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз етуге, қоғамдық сананы түбегейлі өзгертуге бағытталған.
 
Осы Жарлыққа сәйкес Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы және тиісінше оның ішкі және сыртқы мониторинг тетіктері (арнайы құрылған мониторингтік топ) күшін жойғанын атап өткен жөн.
 
Тұжырымдаманың қоғамдық мониторингі мемлекеттік органдардың жобалық офистері, Қоғамдық кеңестер және басқа да тәуелсіз алаңдар арқылы жүзеге асырылатын болады.
 
Стратегиялық құжаттың толық мәтінімен мына сілтеме бойынша таныса аласыздар.
 
Ақпарат көзі: egemen.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны