01.04.2021, 23:05 15758

Тоқаев Цой мен Үкіметке олар отставкаға кетеді деп қорқытты

НҰР-СҰЛТАН. 1 СӘУІР - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөнінде кеңес барысында халықты вакцинациялау жұмысын сынға алды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Мемлекет басшысы "вакцинацияның кешіктірілуі абстрактілі мәселе емес" деп мәлімдеді.
 

Вакцинация ісін созбалаңға салу – жәй ғана проблема емес, мемлекеттік маңызы бар міндет. Әңгіме еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне қатысты болып отыр. Бұл азаматтарымыздың арасында дертке шалдығушылар мен өлім жағдайының көбеюі деген сөз. Бұл – бизнес кірісінің азаюы, бюджетке салықтың толық түспеуі, жалпы ұлттық байлығымыздың төмендеуі", – деді Мемлекет басшысы.

 
Алексей Цойға арнаған сөзінде Тоқаев өз жұмысының басында министр жақсы нәтиже көрсеткенін, бірақ кейін қарқыны айтарлықтай бәсеңдеп қалғанын атап өтті.
 

Сәуір айында жағдайды күрт өзгертуіңіз керек. Өйтпеген жағдайда кадрлық шешімдер қабылданады. Ал оған сіз қуана қоясыз деп ойламаймын. Бұл тек Денсаулық сақтау министріне ғана емес, тұтас Үкіметке қатысты мәселе", – деп қорқытты Президент.

 
Мемлекет басшысы сондай-ақ "СК-Фармация" басшылығының жұмысын сынға алды.
 

Жекелеген аймақтарда сатып алынатын жеке қорғаныш заттарының тапшылығы немесе сапасыздығы байқалады. Біз "СҚ-Фармация" басшылығын ауыстырдық. Бұл – жаңа басшылықтың басқарушылық мүмкіндіктері көрінетін сәт. Болмаса, қызметінен босатылады", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 
Бұған дейін Мәжіліс депутаты Денсаулық сақтау министрінің халықты вакцинациялау жұмыстары "сәтсіз" екенін деп айыптады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны