26.03.2015, 17:51 3963

Төрағасы Қ. Тұрғанқұловтыӊ "Қазақстан Республикасындағы сайлауды бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия" Республикалық қоғамдық бірлестігініӊ мүшелерімен кездесуі болды

Кездесуге СБРҚК төрағасы Н. Ерімбетов, СБРҚК төрағасыныӊ орынбасары Ж. Құсманғалиева, СБРҚК штабыныӊ басшысы Н. Тілеукенов, ҚР ОСК-ныӊ барлық мүшелері, сонымен қатар СБРҚК мүшелері Ш. Лепсібаев, Ғ. Шалахметов қатысты.

Астана. 26 наурыз. Kazakhstan Today - 2015 жылғы 26 наурызда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясыныӊ Төрағасы Қ. Тұрғанқұловтыӊ "Қазақстан Республикасындағы сайлауды бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия" Республикалық қоғамдық бірлестігініӊ (СБРҚК) мүшелерімен кездесуі болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Кездесуге СБРҚК төрағасы Н. Ерімбетов, СБРҚК төрағасыныӊ орынбасары Ж. Құсманғалиева, СБРҚК штабыныӊ басшысы Н. Тілеукенов, ҚР ОСК-ныӊ барлық мүшелері, сонымен қатар СБРҚК мүшелері Ш. Лепсібаев, Ғ. Шалахметов қатысты.

Ортсайлауком басшысы кездесуге қатысушыларды Қазақстан Республикасы Президентініӊ кезектен тыс сайлауын өткізу жөніндегі Орталық сайлау комиссиясыныӊ жұмысымен таныстырды. "Сайлауды байқау жөніндегі түрлі ұйымдармен және бірлестіктермен жан-жақты ынтымақтастық - біздіӊ тұрақты тәжірибеміз. Халықаралық және отандық байқаушылардыӊ сайлау процесініӊ барлық кезеӊдеріне бақылауды жүзеге асыруға қатысуын сайлау науқаныныӊ жариялы және ашықтық ахуалын қамтамасыз етуге жәрдемдесу ретінде қарастырамыз. Азаматтардыӊ электораттық белсенділігі мен сайлау институтына сенімін арттырудыӊ басты тәсілі ретінде транспаренттік - тек Орталық сайлау комиссиясыныӊ ғана емес, сондай-ақ сайлау процесініӊ барлық субъектілерініӊ, жалпы қоғамныӊ басты міндеттерініӊ бірі", - деп атап өтті Қ. Тұрғанқұлов.

СБРҚК төрағасы Ортсайлауком мүшелерімен сайлау процесініӊ барлық аспектілеріндегі ынтымақтастық тығыз және кәсіби болатынына сенім білдірді.

"Біз сайлау процесініӊ ашықтығы мен сайлаушылардыӊ ерік білдіру бостандығын, сондай-ақ кандидаттарға бәсекелі орта үшін теӊ шарттар мен мүмкіндіктерді қамтамасыз ету бойынша көмек көрсетеміз", - деді Н. Ерімбетов.

"Біз үшін СБРҚК сарапшыларыныӊ сайлау заӊнамасын бұзушылықтарды қорытынды есепке жинамай, бізді заӊ бұзушылықтар туралы тікелей сайлау науқаны барысында жедел түрде ақпараттандыруы маӊызды, бұл сайлау органдарына бұзушылықтарды тиімді және уақтылы жоюға және ұқсас бұзушылықтардыӊ алдын алуға мүмкіндік береді", - деп атап өтті Қ. Тұрғанқұлов.

Кездесу соӊында Ортсайлауком басшысы: "Өз тарапымнан сайлау органдары транспарентті және ашық сайлау өткізу үшін бар күштерін салатынын тағы да атап өткім келеді", - деді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны