03.06.2009, 18:35 2601

Төтенше жағдайлар министрлігінің 2009 жылға арналған шығындары қаржылық дағдарысқа байланысты қысқартылды

Төтенше жағдайлар министрлігінің 2009 жылға арналған шығындары қаржылық дағдарысқа байланысты қысқартылды

Алматы. 3 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Төтенше жағдайлар министрлігінің 2009 жылға арналған шығындары қаржылық дағдарысқа байланысты қысқартылды. Бұл туралы ҚР төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко кеше өткен интернет-конференция барысында мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

В. Божконың хабарлауынша, "2009 жылға қарастырылған 528,6 млн теңге көлеміндегі, Төтенше жағдайлар мен Азаматтық қорғаныстың корпоративтік ақпараттық- коммуникациялық жүйесін құруға арналған шығындары қысқартылды. Облыстық Төтенше жағдайлар департаменттерінің, өрт сөндіру және әскери бөлімшелердің ғимараттары мен құрылғыларына күрделі жөндеу жасау қарастырылған 474,5 млн теңге көлеміндегі шығын да қысқартылды". Сондай-ақ, министрдің айтуынша, 37,2 млн теңге көлемінде "Прогноз" ҒӨК микросейсмикалық мәліметтері бойынша жер сілкіністерін қысқа мерзімді болжау желісін құру" бағдарламасы мен басқа да бірқатар бағдарламалар бойынша шығындар қысқартылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны