14.03.2024, 21:57 92431

Цифрлық даму министрлігі Қаржы мониторингі агенттігімен кездесу өткізді

Тараптар жүк көліктері мен автобустарды есепке заңсыз қою жағдайларының жиілеп кету фактілерінің алдын алу шараларын талқылады
Алдын алу жұмысы аясында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Қаржы мониторингі агенттігі, сондай-ақ "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ өкілдерінің жұмыс кездесуі өтті, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.

Тараптар жүк көліктері мен автобустарды есепке заңсыз қою жағдайларының жиілеп кету фактілерінің алдын алу шараларын талқылады.

Кездесу барысында бүгінгі таңда алаяқтар қолданған 4 негізгі схема анықталғаны атап өтілді.

Цифрлық даму Вице-министрі Асқар Жамбакин ақпараттық жүйелердің толық интеграциясы жүргізілгенін хабарлады, бұл VIN енгізу кезінде авто туралы барлық деректерді автоматты түрде ақпараттық жүйеден тартуға және төленуге жататын алымдар мен төлемдерді есептеуге мүмкіндік береді. Жүйені жаңарту ХҚКО қызметкерлерінің автокөлік туралы деректерді "қолмен" енгізудің жолын кеседі.

Тараптар осындай құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимылдың өзекті тетіктерін әзірлеу үшін осы бағытта одан әрі бірлесіп жұмыс істеу туралы уағдаласты.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны