22.04.2015, 18:57 3759

Тұӊғыш рет С-295 экипажы ұшу-қондыру алаӊындағы шағын аумаққа келіп қонды

Апта басында әскери-транспорттық авиацияныӊ (ИТА) ұшқыш-инспекторы, 1 сыныпты ұшқыш полковник Рүстем Тілеумағамбетовтіӊ басқаруымен С-295 ұшағы бірінші рет Бейнеу аэродромына келіп қонды

Астана. 22 сәуір. Kazakhstan Today - Апта басында әскери-транспорттық авиацияныӊ (ИТА) ұшқыш-инспекторы, 1 сыныпты ұшқыш полковник Рүстем Тілеумағамбетовтіӊ басқаруымен С-295 ұшағы бірінші рет Бейнеу аэродромына келіп қонды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Ақтау маӊында орналасқан Бейнеу аэродромы 1983 жылы пайдалануға беріліп КСРО құлағаннан кейін инфроқұрылымыныӊ әлсіздігіне қарай іс жүзінде қолданылмаған. Бұл жерде ҰҚК ШК, ҚР ҚК ИҚК әскери-әуе күштері авиациясыныӊ тікұшақтарын және Маӊғыстаудағы мұнай-газ саласындағы кіші авиацияларын ауық-ауық қондырып келді. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Дегенмен ұшу және қону сипаттамасына қарап шағын аумаққа С-295 ұшағын ұшыру-қондыруды іске асыруға рұқсат берді. Жүктелген міндеттер бойынша әуе құралдары ұшудыӊ жоғарғы шеберлігі мен машықтарын көрсетіп "үздік" шықты.

Осы нұсқада қонудыруды пысықтауға,болашақта аймақтарға әскерлер мен жүктерді жеткізу кезіндегі ҚР ИИК әскери-транспорттық авиациясыныӊ қолдану мүмкіндіктерін кеӊейтуге ықпал етеді.

Естеріӊізге сала кетсек, өткен жылдыӊ желтоқсанында Қазақстанныӊ ИИК төртінші С-295 әскери-транспорттық ұшағы әкелінді. "Airbus Military" ұшағын әкелу Қазақстан мен Еуропалық авиациялық концерн арасындағы бұрын бекітілген келісімшартқа сәйкес орындалды. Осы нұсқадағы ұшақтар 2012 жылдыӊ желтоқсанынан бастап Қазақстанға пайдалануға жеткізілді. С-295 экипаждары Қазақстан мен алыс шетел аумақтарында өткізілген барлық оқу-жаттығуларға қатысты. Екі жыл ішінде С-295 ұшағы біздіӊ ауа-райы жағдайларында өзін сенімді және жеткілікті күй талғамайтын ұшақ ретіндебайқатты.

Бұдан өзге С-295 ұшағы беріктігі, басқаруға ептілігі, жоғарғы икемділігі, автоматты қозғалтқышыныӊ болуы, бақылау жұмыстары құрылымыныӊ сенімділігі, мұз басуға қарсы тиімді құрылымы, сондай-ақ апаттық жағдайларда жоғарғы жасампаздығы нақты артықшылықтарыболып табылады. Ұшақ тегіс жерлерден ұшып қона алады, сондай-ақ түнде көру әйнектерімен жабдықталған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны