16.06.2014, 19:21 2644

Туризм саласы 300 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтуы мүмкін - И.Исекешев

"Туризм саласы елдің маңызды стратегиялық секторына айналуы мүмкін. Тұжырымдаманың қабылдануымен мемлекет туризмге деген қамқорлығын арттырады. Алдағы бес жылда экономиканың белді салаларының біріне айналмақ", - дейді министр.

Алматы. 16 маусым. Kazakhstan today. Туризм саласы 300 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуы мүмкін, деп мәлімдеді бүгін Премьер-Министрдің орынбасары - ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрі Исет Исекешев Мәжілістегі Үкіметтік сағатта.

"Біз туризмді дамыту мәселесіне әлеуметтік сала ретінде емес, 170-300 жаңа жұмыс орнын ашатын экономикалық сала ретінде көңіл бөліп отырмыз. Туризмдегі бір жұмыс орны өнеркәсіптегіге қарағанда 10 есеге дейін арзанға түседі. Және де туризм саласында орташа және төменгі біліктілік мамандарына да жұмыс табылады. Соның ішінде жастар мен әйелдер жұмысқа қарық болмақ", - дейді министр.

ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі теңге бойынша жеңілдетілген үстеме ақыны қаржыландыру арқылы жеке инвесторларды қолдау механизмін дайындауда. "Мұнда не мемлекет не мемлекеттік қолдауымен жеке инвесторлар жұмыс істейді".

"Біз жеке инвесторлар механизмін қолданамыз. "Самұрық-Қазына" ҰИҚ" мен "Бәйтерек" мемлекеттік холдингі, сонымен қатар әкімдіктер мен министрліктер жеке кәсіпкерлер бастамасын қолдайтын болады", - дейді ол.

"Туризм саласы елдің маңызды стратегиялық секторына айналуы мүмкін. Тұжырымдаманың қабылдануымен мемлекет туризмге деген қамқорлығын арттырады. Алдағы бес жылда экономиканың белді салаларының біріне айналмақ", - дейді министр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны