06.09.2012, 18:06 3110

Туризмді дамыту мәселесі республикалық салалық отырыс барысында талқыланды - баспасөз баяны

Елімізде туризм саласы қарқынды даму үшін, мемлекет осы саладағы кәсіп иелерімен тығыз байланыс жасап, "Жеңілдік" жөніндегі заң дайындауы керек, деп хабарлайды Хабар агенттігі.

Бүгін Талдықорғанда туризм саласын дамытуға арналған республикалық жиын өтті.

Елімізде туризм саласы қарқынды даму үшін, мемлекет осы саладағы кәсіп иелерімен тығыз байланыс жасап, "Жеңілдік" жөніндегі заң дайындауы керек, деп хабарлайды Хабар агенттігі.

Сондай-ақ әрбір облыста арнайы басқарма құрылу қажет. Талдықорғанда өткен, турзим саласын дамыту жөніндегі республикалық жиынға қатысушылардың пікірі осы. Басқосуға Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі өкілдері, жергілікті басшылар, табиғи қорғалған аймақтар мен туристік фирмалардың жетекшілері, сондай-ақ үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты.

Кездесуге Алматы облысының таңдалып алынуы да бекер емес. Өйткені осы аймақ турзимді дамытуға қолайлы, табиғаты тартымды. Мұнда 5 бірдей ұлттық табиғи бақ, 2 қорық, сондай-ақ 3 мыңнан аса тарихи ескерткіштер бар. Алайда, бұл өңірде де өзге облыстардағыдай туризмнің дамуы бәсең. Кері тартып турған жәйттер көп. Бұл туристер қызығушылығы жоғары ысандарға баратын көлік жолдарының халықаралық талаптарға сай келмеуі, материалдық базасының әлсіздігі тағы бар. Исіресе аудандарда туристік орындарда білікті мамандардың тапшылығы анық байқалады. Жиынға қатысушылар мемлекет пен бизнес біріккенде ғана бұл мәселелерді оң шешуге болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны