23.05.2012, 18:21 10781

Түркістанда алты жасар баланы ақша талап ету мақсатында ұрлап әкеткен тұрғын ұсталды

Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан қаласында бала ұрлады деген күдікті ұсталды.

Шымкент. 23-мамыр. Kazakhstan Today - Түркістанда алты жасар баланы ақша талап ету мақсатында ұрлап әкеткен тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан қаласында бала ұрлады деген күдікті ұсталды.

Қалалық ІІД басшысы Серік Шалқаровтың айтуынша, 13-мамыр күні аулада ойнап жүрген 6 жасар баланы бетін тұмшалаған екі ер адам ұрлап әкеткен.

Көп ұзамай ата-анасының телефонына "баланы көргілерің келсе 3 млн теңге тап" деген смс-хаттар келіп түсе бастапты.

"Араға екі сағат салып, бізге хабарласқан ауыл тұрғындарының бірі аяғына скотч жапсырылған кішкентай баланы тауып алғанын айтты", - деді С.Шалқаров.

Баланың айтуынша, қылмыскерлер оны көпірдің астындағы шұңқырға лақтырған көрінеді. Бірақ бала сытылып шығыпты.

Ал, мамырдың 19-ында полицейлер 20 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Оның сыбайласына іздеу жарияланды.

Қазір аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны