12.03.2012, 10:42 3185

ТжКБ жүйесін жаңғырту индустриялық жобаларды кадрлармен қамтамасыз етеді

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту жөніндегі 2014 жылға дейінгі жобаны іске асырудың аясында 147 кәсіптік стандарт әзірленеді, деп хабарлады "Қазақстандағы ТжКБ жүйесін жаңғырту" жобасын басқару тобының директоры Темірлан Алтаев Pm.kz сайтына.

Астана. 12-наурыз. Kazakhstan Today - ТжКБ жүйесін жаңғырту индустриялық жобаларды кадрлармен қамтамасыз етеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту жөніндегі 2014 жылға дейінгі жобаны іске асырудың аясында 147 кәсіптік стандарт әзірленеді, деп хабарлады "Қазақстандағы ТжКБ жүйесін жаңғырту" жобасын басқару тобының директоры Темірлан Алтаев Pm.kz сайтына.

"ТжКБ жүйесін жаңғырту жобасы бойынша алдағы 2 жылда экономиканың түрлі саласында 147 кәсіптік стандарт әзірленетін болады",- деді Темірлан Алтаев өз сөзінде.

Бұл іске шетелдік және қазақстандық сарапшылардың тартылатынын атап көрсеткен ол, "кәсіптік стандарттардың Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің сайтындағы реестрге ашық орналастырылатынын" айтты.

Оған қоса, индустриялық-инновациялық даму жобалары үшін білікті кадрлар дайындау жүйесі құрылатын болады. "Ол үшін еңбек өнімділігі мен жұмыспен қамту көрсеткіштері жоғары Еуроодақ елдерінің халықаралық тәжірибесі зерттеліп отыр",- деп атап көрсетті Т.Алтаев.

Т.Алтаевтың айтуынша, жақында ҚР Еңбек кодексіне енгізілген толықтырулар кадрлардың біліктілігін бағалаудың транспарентті жүйесін жасауға мүмкіндік беретін болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны