25.06.2009, 10:14 1201

Иділбек Жақсыбеков Қазақстанның Қорғаныс министрі болып тағайындалды

Президент Нұрсұлтан Назарбаев кеше Қарулы Күштер командалық құрамына Қазақстан Республикасының жаңа Қорғаныс министрін таныстырды.Қарулы Күштер Бас қолбасшысы Қорғаныс министрлігі басшылығы мен командалық құрамның алдына бірқатар нақты міндеттер қойды.

Астана. 25 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Президент Нұрсұлтан Назарбаев кеше Қарулы Күштер командалық құрамына Қазақстан Республикасының жаңа Қорғаныс министрін таныстырды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қорғаныс ведомствосының басшысы болып Иділбек Жақсыбеков тағайындалды.

Қорғаныс министрлігі басшылығы мен Қарулы Күштердің командалық құрамы алдында сөйлеген сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық әскери қызметшілер өз әскери міндеттерін адал атқарып, Отанымыздың игілігі жолында лайықты қызмет етіп жатқанын атап өтті.

Мемлекет Қарулы күштерге әрдайым айрықша назар аударып келеді. Тек 2009 жылы қорғаныс ведомствосының қажеттіліктері үшін шамамен 140 миллиард теңге бөлінді, 3 мыңнан астам әскери қызметші жаңа пәтер алды. Соңғы 10 жылда Қорғаныс министрлігінің 43 офицеріне генерал шені берілді, төрт әскери қызметкер "Халық қаһарманы" атағына ие болды.

Қарулы Күштер Бас қолбасшысы Қорғаныс министрлігі басшылығы мен командалық құрамның алдына бірқатар нақты міндеттер қойды.

Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, И.Жақсыбеков бүгінде осы жұмыс учаскесіне қажетті адам болып табылады. Оның үлкен ұйымдастырушылық және саяси жұмыс тәжірибесі бар.

Қазақстан президенті оның өзіне тапсырылған істі атқара алатынына сенім білдірді және жаңа Қорғаныс министріне жүктелген міндеттерді орындауда табыстар тіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне
гиперсілтеме жасау міндетті.
«Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны