20.06.2008, 16:04 2815

Үкімет әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жетілдіруге бағытталған заң жобаларын дайындап бітірді - премьер

Үкімет әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жетілдіруге бағытталған заң жобаларын дайындап бітірді - премьер

Астана. 20 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Үкімет әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жетілдіруге бағытталған заң жобаларын дайындап бітірді. Бұл туралы Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов бүгін өткен үкіметтің отырысында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Үкімет халыққа әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жетілдіруге бағытталған заң жобаларының топтамасын дайындап бітірді. Біз бұл мәселені бірнеше мәрте талқыладық. Илеуметтік қамсыздандыру жөніндегі барлық заң жобалары республикалық бюджеттік комиссияның қарауынан өтті, яғни, оларды жүзеге асыруға қаржы бар деген сөз, 2008 жылғы республикалық бюджетке енгізілетін нақтылаулар қабылданды. Яғни, бізде президенттің тапсырмасын, алға қойған міндеттерді 1-шілдеден бастап орындайтын мүмкіндіктер мен қаржылық ресурстар бар", -деді үкімет басшысы.

Үкімет басшысының нақтылауынша, бұл топтамаға төрт заң жобасы қамтылады: "Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін, мүгедектікке байланысты, асыраушысынан айрылуға байланысты, зейнет жасына толуға байланысты мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақы алатындарға 2008 жылдың бірінші жартысы үшін ай сайынғы өтемақы төлеу ережелерін бекіту туралы үкіметтің қаулысы туралы" заң жобасы, "Жұмыспен қамту және атаулы әлеуметтік көмек мәселелері бойынша заңнамалық актілерге түзетулер енгізу туралы" заң жобасы, "Илеуметтік қызметтер туралы" заң жобасы мен "Илеуметтік қызмет мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы".

"Шешім қабылданды, енді құжаттар қоржынын парламенттің қарауына енгізу қажет", - деді Кәрім Мәсімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны