23.06.2008, 18:44 2948

Үкімет басшысы 2008 жылғы қыркүйекке дейін мемлекеттік тілді меңгеруге біліктілік талаптары қойылатын мамандықтардың тізбесін әзірлеуді тапсырды

Үкімет басшысы 2008 жылғы қыркүйекке дейін мемлекеттік тілді меңгеруге біліктілік талаптары қойылатын мамандықтардың тізбесін әзірлеуді тапсырды

Астана. 23-маусым. "Қазақстан Бүгін"- Үкімет басшысы 2008 жылғы қыркүйекке дейін мемлекеттік тілді меңгеруге біліктілік талаптары қойылатын мамандықтардың тізбесін әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды агенттік тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "бүгін ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің төрағалық етуімен Қазақстан Республикасының үкіметі жанындағы мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі комиссияның отырысы өтті".

Отырыс барысында мемлекеттік тілдің қоғамдық-саяси, ғылыми-білім беру салаларында кеңінен қолдануы, сондай-ақ терминологиялық, ономастикалық комиссиялардың жұмысын ретке келтіру және жетілдіру мәселелері талқыланды.

Комиссия мүшелері мемлекеттік тілді дамыту саласындағы нормативтік-құқықтық базаны одан әрі жетілдіру перспективасын қарады. Отырысқа қатысушылар мемлекеттік тілді меңгеруге қойылатын біліктілік талаптары ұсынылатын мамандықтардың тізбесін әзірлеу мәселесіне ерекше назар аударды.

Үкімет басшысы 2008 жылғы қыркүйекке дейін аталған тізбе жобасын әзірлеп, Мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі комиссияның қарауына енгізумен айналысатын арнайы жұмыс тобын құруға тапсырма берді.

Премьер-министр сонымен бірге комиссия мүшелерінің "Өркениет" әдеби-көркем журналын ашу туралы ұсынысын мақұлдады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны