25.06.2007, 14:23 3370

Үкімет басшысы электр және жылу қуатын өндіру мен таратуға берілген лицензияларға ревизия жүргізуді тапсырды

АСТАНА. 25 маусым. Kazakhstan Today. Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Табиғи монополияларды реттеу агенттігіне электр және жылу қуатын өндіру мен таратуға берілген лицензияларға ревизия жүргізуді тапсырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Бүгінгі күнге дейін бұл мәселе бойынша лицензия беруден кейінгі салада бақылау болған жоқ. Сол себепті Табиғи монополияларды реттеу агенттігі облыс, Астана және Алматы қалалық әкімшіліктерімен бірлесіп электр және жылу қуатын өндіру, жеткізу мен таратуға, электр желілері мен подстанцияларды пайдалануға, сондай-ақ, "электр қуатын қайта сату мақсатында сатып алу" қызметін көтеруге берілген лицензияларға ревизия жүргізуді тапсырамын, лицензия алғандардың кәсіби талаптарға бағыну жайы тексерілетін болсын", - деді К.Мәсімов бүгін үкіметте өткен селекторлық жиында.

Сонымен бірге үкімет басшысы Индустрия және сауда министрлігі мен Энергетика және минералды ресурстар министрлігіне тиісті салалық қауымдастықтармен бірлесе отырып электр қуаты саласында пайдаланылатын құрылыс нормалары мен ережелеріне, мемлекеттік стандарттарға ревизия жүргізуді және оларды жетілдіруге қатысты ұсыныстар енгізуді тапсырды".

Бұған қоса К.Мәсімов "Электр қуаты туралы" заң жобасын жасап, осы саладағы делдалдарды жоюды тапсырды. "Мүмкін осы жолы үлгеріп, тиісті заңдар топтамасына түзету енгізіп үлгеретін шығармыз. Олай болмағанда, тым құрыса 1-қаңтарға дейін бұл мәселелерді заңдық тұрғыда реттеу қажет", - деді үкімет башысы.

Сонымен қатар лицензия алушыларға қойылатын талапты күшейту туралы үкіметтің шешімінің жобасын дайындауды тапсырды. Атап айтқанда, электр энергетикасы саласындағы нысандарды жаңғырту, қуат өндіруші және оны жалғастырушы ұйымдардың арасында келіссөззердің болуына сандық міндеттеме қою ұсынылып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны