11.01.2007, 10:04 1469

Үкімет басшысы индустрия және сауда министрлігінің ұжымына жаңа басшысын таныстырды

АСТАНА. 11- қаңтар. Kazakhstan Today. Кеше Қазақстанның үкімет басшысы болып тағайындалған Кәрім Мәсімов индустрия және сауда министрлігінің ұжымына мекеменің жаңа жетекшісі - Ғалым Оразбақовты таныстырды. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

42 жастағы Ғалым Оразбақов кейінгі кезде "Қазақстан инжиниринг" Ұлттық компаниясы" АҚ президенті қызметін атқарып келген.

Осыған дейін индустрия және сауда министрі міндетін Владимир Школьник атқарған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны