09.12.2011, 14:36 3237

Үкімет басшысы "Парыз", "Алтын Сапа" сыйлықтары мен "Қазақстанның үздік тауарлары" көрме-конкурсының жеңімпаздарын марапаттады

ҚР премьер-министрінің ресми сайтының хабарлауынша, үкімет басшысы "Парыз", "Алтын Сапа" сыйлықтары мен "Қазақстанның үздік тауарлары" көрме-конкурсының алтын наградаларын табыс етті.

Астана. 9-желтоқсан. Kazakhstan Today - Үкімет басшысы "Парыз", "Алтын Сапа" сыйлықтары мен "Қазақстанның үздік тауарлары" көрме-конкурсының жеңімпаздарын марапаттады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР премьер-министрінің ресми сайтының хабарлауынша, үкімет басшысы "Парыз", "Алтын Сапа" сыйлықтары мен "Қазақстанның үздік тауарлары" көрме-конкурсының алтын наградаларын табыс етті.

Бүгін "Сарыарқа" республикалық спорт кешенінде Индустрияландыру күні ашылды. Ресми ашылу бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі саласындағы "Парыз" конкурсының, сонымен қатар, "Қазақстанның ең үздік тауары" байқау-көрмесінің жеңімпаздары мен сапа саласындағы Елбасының "Алтын сапа" сыйлығының иегерлерін марапаттаудан басталды.

Марапаттауға ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов, сонымен қатар Үкімет мүшелері қатысты. Барлығы 32 сыйлық табыс етілді.

Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша "Парыз" сыйлығының және "Қазақстанның үздік тауарлары" көрме-конкурсының алтын жүлдегерлерін марапаттады.

"Қазақстанның үздік тауарлары" аталымында Кәрім Мәсімов "Агромашхолдинг", "Брандо" және "Масло-Дел" компанияларынн алтын жүлдемен марапаттады.

"Парыз" сыйлығының "Жылдық үздік әлеуметтік жобасы" аталымындағы алтын наградасы - "Қазақтүркмұнай" ЖШС-не табыс етілсе, "Үздік ұжымдық келісімшарт" аталымы бойынша алтын награда - "Крендель" серіктестігіне, ал "Үздік әлеуметтік-жауапты кәсіпорын" аталымында - "Абзал және Компания" Толық серіктестігіне, "Экология үшін" аталымында - "Кублей" ЖШС-не табыс етілді.

Премьер сондай-ақ "Алтын сапа" конкурсының лауреаттарын марапаттады. Наградалар "Amitex Astana" ЖШС, "Эргономика" ғылыми-өндірістік фирмасы" ЖШС және "Қазақстан Текси Лайн" өндірістік-коммерциялық фирмасы" ЖШС сияқты фирмаларға табыс етілді.

Сағат 15.00 Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Индустрияландыру картасының 2011 жылдың ІІ жартыжылдығында іске қосылған жобаларының тұсаукесер рәсімі бойынша жалпыұлттық телекөпір басталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны