23.06.2006, 10:26 3256

Үкімет басшысы жұмыс сапарымен Павлодарға келді

ПАВЛОДАР. 23-маусым. Kazakhstan Today. Республика үкімет басшысы Даниал Ахметов жұмыс сапарымен Павлодарға келді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Облыс әкімшілігі баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Д.Ахметов бір ықшам ауданда мемлекеттік тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасының аясында салынып жатқан тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында болады. Бұл жерде 165 мың шаршы метр тұрғын үй салу көзделген.

Бұдан кейін үкімет басшысы алюминий өндіретін “Қазақстан электролиз зауыты” АҚ-ын аралайды. Қазір зауытта жабдықтар құрастырылуда. Қуаты 60 мың тоннаны құрайтын зауыттың бірінші кезегі 2007-жылдың желтоқсан айында пайдалануға беріледі. Келешекте зауыттың қуаты жылына 250 мың тонна алюминий өндіруге жеткізіледі деп күтілуде. Зауыт құрылысын салуға 850 млн. доллар инвестиция жұмсалады.

Сонымен бірге үкімет басшысы облыстағы диагностикалық орталықта, “Кастинг”
ЖШС-нің Павлодардағы филалында, “Қазақстантрактор” АҚ-ның тәжірибелік өндірістік цехында болып, Ақсу жылу электр станциясын техникалық тұрғыда қайта жабдықтау барысымен танысады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны