28.05.2008, 12:48 1276

Үкімет инфляцияны бекітілген деңгейде ұстап отырмыз деп сендіруде

Үкімет инфляцияны бекітілген деңгейде ұстап отырмыз деп сендіруде

Астана. 28 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Үкімет инфляцияны бекітілген деңгейде ұстап отырмыз деп сендіруде. Бұл туралы бүгін парламент мәжілісінің пленарлық отырысында ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Бұл проблеманы қалай еңсеруді біз білеміз деп сіздерді иландыра аламыз (тарифтер мен инфляцияның көтерілуін)", - деп мәлімдеді К. Мәсімов.

"Үкімет табиғи монополиялар қызметінің тарифтерінің негізсіз көтерілуіне жол бермеуге қатысты принциптік шешім қабылдады. Егер оның көтерілуі негізделген болса, онда оған біз рұқсат береміз, бірақ оның көлемі белгіленген инфляция деңгейінен асып түспеуі керек", - деп түсіндірді премьер.

Ол атап өткеніндей, үкімет "бағаларды тұрақтандыра алды". К. Мәсімов атап өткеніндей,"2008 жылдың бірінші тоқсанында инфляция 2,5% құрады. Бұл ТМД елдері арасындағы ең төменгі көрсеткіш".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны