18.05.2010, 13:00 4335

Үкімет "Қазақстанның ел бірлігі" доктринасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын мақұлдады

Үкімет "Қазақстанның ел бірлігі" доктринасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын мақұлдады

Астана. 18 мамыр. Kazakhstan Today - Үкімет "Қазақстанның ел бірлігі" доктринасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммедтің айтуынша, іс-шаралар жоспары доктринаның негізгі қағидаттарына сәйкес келетін негізгі үш тараудан, "Бір ел - бір тағдыр", "Тегі басқа - теңдігі бір", "Ұлт рухының дамуы" деп аталатын үш тараудан тұрады.

Бірінші тарау іс-шаралары ел бірлігін және қазақстандық патриотизмді нығайтуға бағытталған. "Тегі басқа - теңдігі бір" атты екінші тарау бойынша атқарылатын іс-шаралар алдымен өмірдің барлық саласындағы әрбір қазақстандық азаматтың өзін-өзі тануының бірдей мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін әлеуметтік маңызды бағдарламалық құжаттар кешенін қабылдауды және оны әрі қарай жүзеге асыруды көздейді. Үшінші тарау "Ұлт рухының дамуы" деп аталады. Бұл тарауда рухани және ұлттық бірліктің басты факторларының бірі - мәдениет, тіл және дәстүр болып табылатындығы ескерілген.

М. Құл-Мұхаммед іс-шаралар жоспарын әзірлеуге барлық министрліктер атсалысқанын атап өтті. Жоспарда мүдделі мемлекеттік органдардың ұсыныстары мен ескертпелері ескерілген.

Елбасының тапсырмасы бойынша әзірленген "Қазақстанның ел бірлігі" доктринасы ел бірлігіне қызмет етуге тиіс, деді бүгін үкімет отырысында премьер-министр Кәрім Мәсімов.

"Қазақстанның ел бірлігі" доктринасы өте маңызды құжат. Оны жасауға барлық министрліктер қатысты. Доктрина Қазақстанның 2020 жылғы даму стратегиясына толық сәйкес келеді. Сондықтан әрбір министрлік, әрбір министр доктринада көрсетілген іс-шараларды орындауы керек. Елбасының тапсырмасы бойынша жасалған доктрина ел бірлігіне қызмет етуі тиіс", деді премьер-министр.

К. Мәсімовтің айтуынша, "сондықтан үкімет мүшелері доктринадағы іс-шаралар жоспарының орындалуына қатысты есеп беріп отырулары керек". Осы орайда үкімет басшысы Мәдениет министрлігіне жыл аяғына дейін іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы мәліметтерді жинақтап, ақпарат беруді тапсырды. "Доктринадағы іс-шаралар жоспарының орындалуы тікелей менің бақылауымда болады", деді К. Мәсімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны