14.02.2008, 14:51 3391

Үкімет құқық қорғау органдарының жұмысының тиімділігін арттыруы керек - Елбасы

Үкімет құқық қорғау органдарының жұмысының тиімділігін арттыруы керек - Елбасы

Астана. 14-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Үкімет құқық қорғау органдарының жұмысының тиімділігін арттыруы керек. Бұл туралы үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді.

"Қазіргі уақытта құқық қорғау органдарының қызметін тексеретін топ жұмыс істеп жатыр", - деп еске салды Н. Назарбаев.

"Оларға айтарлықтай қаражат бөлінді. Оны олар қалай жұмсап жатқанын байқап көру керек", - деп атап көрсетті президент. "Қарапайым ғана мысал: ойынханалардв жабу туралы шешім қабылдана сала қалалардағы пәтерлер мен жертөлелерде көптеген құпия ойынханалар пайда болды. Бірақ осы қайда екенін қарапайым азаматтар білетін ойынханаларды расында да ІІМ, әсіресе, ҰҚК қызметкерлері білмегені ме?!", - деп таңданыс білдірді мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, астыртын ойынханалармен , әсіресе, есірткі саудасымен күрестің тиімсіздігінің себебі құқық қорғау органдарының жергілікті қызметкерлерінің осы астыртын бизнесті ұйымдастырып отырғандардың қалтасының қалыңдағанын ғана қалауы болып отыр.

"Үкімет құқық қорғау органдарының жұмысының тиімділігін арттыруы керек. Құқық қорғау органдары халықты қылмыстылықтан қорғау бойынша өздерінің басты міндеттерін орындаулары қажет", - деп сөзін қорытындылады президент.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны