12.02.2008, 15:13 2941

Үкімет құрылыс нарығын тұрақтандыру үшін тұрғын үйлерді мемлекеттік сатып алуға дайын

Үкімет құрылыс нарығын тұрақтандыру үшін тұрғын үйлерді мемлекеттік сатып алуға дайын

Астана. 12 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Ұлттық холдингтер, компаниялар, мемлекеттік органдар өздерінің қызметкерлерінің баспанаға сұранысын анықтап, оны құрылыс нарығында сатып алуын бір аптаның ішінде анықтау керек. Мұндай тапсырманы бүгін үкіметтің отырысы кезінде премьер-министр Кәрім Мәсімов берді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Астана әкіміне, ұлттық холдингтерге, компанияларға, мемлекеттік қызмет жөнінде агенттігіне, министрліктер мен ведомстволарға бір аптаның ішінде сатып алуға қажетті пәтерлер саны мен мемлекеттік қызметкерлердің сұранысын анықтауды тапсырамын", - деп мәлімдеді К. Мәсімов.

Вице-премьер Өмірзак Шүкеев айтқанындай, Астанада құрылыстарды аяқтау үшін мемлекет қаржыландыратын 112 нысан таңдап алынған болатын. "Онда 38141 пәтер болса, оның 24937 тұрғындар сатып алған ", - деді ол. Ө. Шүкеев атап өткеніндей, қалған 14204 пәтердің тең жартысының құрылыстары 50% ғана аяқталған.

"Құрылыс компаниялары бүгінгі күні бекітілген 112 нысанның 27 -сі бойынша екінші деңгейдегі банктермен қатынастарды реттеп, олардың одан әрі қаржыландыруын жалғастыруда. Бұл тізім енді 40-қа дейін ұлғайтылады деп күтілуде. Жалпы алғанда бұл нысандарда 13200 пәтер бар ", - деді вице-премьер.

Оның пікірі бойынша, Астананың баспана нарығындағы ұсыныстар 24 мың пәтерді құрап отырғандықтан, екінші деңгейдегі банктер арқылы қаржыны бөлу механизмінің көмегімен "мәселенің бір ғана бөлігін ғана шешуге болады".

"Бұл жағдайда аяқталмаған құрылыстарды қаржыландырудың қосымша механизмдерін енгізу керек. Оны Астанада пәтерлерді мемлекеттік сатып алу көлемін ұлғайтып, баспана сұранысын ынталандыруға болады ", - деп түсіндірді Ө. Шүкеев.

Ол атап өткеніндей, бүгінгі күні ұлттық компаниялар "2 мың пәтерге сұраныстың барын растап отыр: "ҚазАгро" - 450, "Самырұқ" - 1000, "Самғау" - 192, "Қазына" - 70".

"Қаржыландыру мәселелері шешіліп жатыр, ол үшін олар өздерінің бюджеттерін қайта қарастырулары керек. Мемлекет басшысы атап өткеніндей, кейбір жобаларды "кейінге қалдырып", компания өзінің әлеуметтік мәселелерін шешуі керек", - деп есептейді вице-премьер.

Сонымен қатар, "Астана әкімдігінде мемлекеттік бағдарлама аясында коммуналдық баспананы салуға қаржысы бар. Ол 13 млрд теңге ". "Басталған жаңа баспана құрылыс жобаларын тоқтатып, ол ақшаны құрылысы көтеріліп жатқан үйлердегі пәтерлерді сатып алуға жұмсау керек. Ал бұл тағы да 2 мың пәтерге деген сұранысты тудырады. Болашақта бұл пәтерлер мемлекеттік жалға беру баспанасы ретінде пайдаланылатын болады ", -деп түсіндірді Ө.Шүкеев.

Сонымен қатар, "тағы да әкімдік арқылы үкіметтің резервінде қарастырылған қаржы есебінен 2 мың пәтерді сатып алуға болады". Сонымен қатар, "мемлекет қызметкерлерінің баспанаға сұраныстары бар".

"Алдын ала ақпарат көрсеткеніндей 2887 пәтерге сұраныс бар. Мұны тексеру керек, менің пікірімше бұл сан қорытындысында 2 мыңға жуық пәтерді құрайтын болады. Ал мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттігіне пәтерлерді сатып алуға бюджеттен қаржы қарастырылмаған. Оны экономиканы тұрақтандыруға бөлінген, бірақ әлі пайдаланылмаған қаржы есебінен шешуге болады", - деп атап өтті Ө. Шүкеев.

"Сонымен барлық нысандар бойынша мемлекеттік 8 мың пәтерді сатып алуды ұсынамыз. Екінші деңгейдегі банктер арқылы қаржыландырып отырғанымызды ескере отырып, біз ұсыныстардың үштен екі бөлігін сұраныспен жабамыз ", -деді ол.

Вице-премьер атап өткеніндей, бұл жағдайда Астана әкімдігі нарық тұрақтанбайынша жаңа құрылыстарға рұқсат беруге мораторий жариялау керек. "Бірде бір жаңа баспананың құрылысына қол қойылмауы керек, бірде бір жаңа құрылыс басталмауы керек. Мораторий толық орнатылуы керек ".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны