07.02.2017, 18:50 4745

Үкімет отырысында жер қатынастарын реттеу мәселелері қаралды

Ауыл тұрғындарыныӊ мал жаюы үшін жайылымдық алқаптардыӊ жетіспеу проблемасын шешу үшін заӊ жобасымен елді мекендер маӊында тұрғындардыӊ жеке малдарын ұстау бойынша мұқтаждарын қанағаттандыру үшін қажетті жайылымдардыӊ көлемдері анықталатын болады.

Астана. 7 ақпан. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев Үкімет отырысында "Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заӊыныӊ жобасы бойынша баяндама жасады,- деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі.

Жер реформасы бойынша Комиссияныӊ жер заӊнамасын жетілдіру жөніндегі дайындалған ұсыныстарын заӊнамалық реттеу мақсатында Жер кодексіне келесі нормалар қарастырылған өзгерістер мен толықтырулар енгізу қарастырылады:

1. Қазақстандықтарға ауыл шаруашылығы жерлерін жалға беру институтын сақтау және жетілдіру;

2. Қазақстандықтарға жалға берілетін ауыл шаруашылығы жерлерініӊ шектеу (еӊ жоғары) мөлшерін белгілеу;

3. Шекара маӊындағы аймақтарда ауыл шаруашылығы жерлерін берудіӊ талаптарын қатаӊдату;

4. Халықтыӊ қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, елді мекендер маӊындағы жайылымдардыӊ алаӊдарын анықтау.

Қазақстандықтарға ауыл шаруашылығы жерлерін жалға беру институтын сақтай отырып, заӊ жобасымен ауыл шаруашылығы жерлерін конкурстық негізде берудіӊ бөлек тәртібін белгілеу қарастырылады.

Конкурсқа жариялылықты және барлық потенциалды қатысушыларға бірдей қатысуды қамтамасыз ету мақсатында жаӊа тәртіп конкурсты өткізу туралы хабарламаны БАҚ, әкімдіктердіӊ және Ауыл шаруашылығы министрлігініӊ ресми интернет-ресурстерінде жариялау қарастырылады.

Конкурстыӊ жеӊімпазын анықтайтын конкурстық комиссияныӊ құрамына қоғамдық кеӊестер мен ұйымдардыӊ өкілдері қатысады, олар комиссия мүшелерініӊ жалпы саныныӊ 50 % астамын құрайды.

Берілетін жерлердіӊ ұтымды пайдаланылуын тексеру мақсатында, заӊ жобасымен тұрақты мониторинг жүргізу қарастырылды: жалға алудыӊ алғашқы 5 жылында - жыл сайын,келесі кезеӊдерде суармалы егістікте әрбір 3 жылда, тәлімді жерде - әр 5 жылда.

Ауыл шаруашылығы жерлерініӊ үлкен мөлшерін "бір қолға" беруге жол бермеу мақсатында, заӊ жобасымен қазақстандықтарға жалға берілетін ауыл шаруашылығы жерлерініӊ еӊ жоғары мөлшерін алқаптар бойынша республика, облыс және әкімшілік аудандар (қалалар) шегінде белгілеу қарастырылады.

Бұдан басқа, Заӊ жобасымен Мемлекеттік шекараныӊ шекара белдеуінде және аймағында ауыл шаруашылығы жерлерін беру талаптарын күшейту қарастырылған, онда шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заӊды тұлғаларға және шетелдіктердіӊ қатысуы бар заӊды тұлғаларға жерді иеленуге шектеу қойылады.

Ауыл тұрғындарыныӊ мал жаюы үшін жайылымдық алқаптардыӊ жетіспеу проблемасын шешу үшін заӊ жобасымен елді мекендер маӊында тұрғындардыӊ жеке малдарын ұстау бойынша мұқтаждарын қанағаттандыру үшін қажетті жайылымдардыӊ көлемдері анықталатын болады.

Бұдан басқа, заӊ жобасымен жер комиссисыныӊ статусын анықтау, жер учаскесініӊ бөлінуі, елді мекен жерлеріндегі жер учаскелерініӊ нысаналы мақсатын ауыстыру және т.б. мәселелерді қамтитын Жер кодексініӊ нормаларын жетілдіру қарастырылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны