06.06.2012, 12:04 3471

Үкімет төрелік және аралық соттардың қызметін нығайтуға бағытталған заң жобасын мақұлдады

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің селекторлық отырысы өтті. Онда ҚР Иділет министрі Берік Имашев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне төрелік және аралық соттардың қызметін жетілдіру мәселелері жөнінде өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заңының жобасын таныстырды.

Астана. 6-маусым. Kazakhstan Today - Үкімет төрелік және аралық соттардың қызметін нығайтуға бағытталған заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің селекторлық отырысы өтті. Онда ҚР Иділет министрі Берік Имашев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне төрелік және аралық соттардың қызметін жетілдіру мәселелері жөнінде өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заңының жобасын таныстырды.

Б.Имашев атап өткендей, "Төрелік соттар туралы" және "Халықаралық коммерциялық арбитраж туралы" Заңдар 2004 жылы қабылданған болатын. Бұл заңдардың сегіз жыл бойы қолданылып келе жатқанына қарамастан, олар бұл институттардың кең ауқымда пайдаланылуына жетерліктей серпін бере алмады. Министр таныстырған бүгінгі заң жобасы төрелік және аралық соттарды нығайтуға, жалпы заң құзіретіндегі соттарға түсетін салмақты азайтуға бағытталған.

Заң жобасына сәйкес, төрелік және аралық соттардың қазіргі заңнамада көрсетілгендей, азаматтық-құқықтық келісімшарттардан емес, азаматтық-құқықтық қарым-қатынастан туындайтын дау-дамайларды қарауына мүмкіндік бере отырып, төрелік және аралық соттардың ведомстволығына қатысты таластардың сипаттарын кеңейту көзделген.

"Заңда бекітілгендей, аралық және төрелік соттар адам өмірі мен денсаулығына, жеке өміріне қол сұғатын, жеке немесе отбасылық құпияға қатысты мүліктік емес сипаттағы дауларды қарай алмайды", - деп атап өтті Б.Имашев.

"Бүгінгі таңда азаматтық істерді қарайтын соттардың жұмысы өте көп. Біздің ойымызша, төрелік және аралық соттардың құзіретін кеңейту мемлекеттік соттарға түсетін салмақты едәуір азайтады", - деп атап өтті ол.

Сонымен қатар, халықтың төрелік соттар туралы толық ақпаратпен қамтылуының маңыздылығын ескере отырып, "Төрелік соттар туралы" Заңға тұрақты жұмыс істейтін төрелік соттардың қызмет шарттарын бекітетін норма енгізу көзделуде.

Сондай-ақ қазіргі заңнамаға анықтайтын сипаттағы түзетулер енгізу жоспарланған. Заң жобасы арқылы Азаматтық процессуалды кодексқа, Салық кодексіне, Қылмыстық- процессуалдық кодексқа, сондай-ақ "Төрелік соттар туралы", "Халықаралық коммерциялық арбитраж туралы" Заңдарға өзгертулер мен толықтырулар енгізу көзделіп отыр.

Құжат ҚР Парламентінің қарауына жіберілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны