08.05.2012, 10:04 3192

Үкіметте күзгі-қысқы маусымының қорытындысы талқыланды

Тұтынушыларға электр және жылу жеткізу келісімшарттар мен кестеге сай тұрақты жүргізілді. Негізгі құрылғыларға қатысты жөндеу жұмыстарының белгіленген көлемі толық орындалды. Жылу жүйелеріне түскен күшті жою үшін қосымша 545 мегаватт қуаттылық берілген.

Астана. 8-мамыр. Kazakhstan Today - Үкіметте күзгі-қысқы маусымының қорытындысы талқыланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ведомство басшысының айтуынша, тұтынушыларға электр және жылу жеткізу келісімшарттар мен кестеге сай тұрақты жүргізілді. Негізгі құрылғыларға қатысты жөндеу жұмыстарының белгіленген көлемі толық орындалды. Жылу жүйелеріне түскен күшті жою үшін қосымша 545 мегаватт қуаттылық берілген.

Сонымен қатар, 2011 жылы Қазақстанда 86,2 млрд. кВт/сағат электр энергиясы өндірілген, бұл 2010 жылмен салыстырғанда 4,7 пайызға көп. Қыста жылу жүйесіне түскен ең үлкен күш 8 ақпан күні тіркеліп, 13 448 МВт-қа жетті, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 5 пайызға көп. Сонымен қатар отандық электр стансаларының генерациясы 12 978 МВт-ты құрап, өткен жылмен салыстырғанда 7,7 пайызға ұлғайған.

"Үкімет қолға алған кешенді шаралардың, шекті тарифтер жүйесі мен жүргізілген жөндеу жұмыстарының бақылауын күшейту арқасында алдыңғы жылу беру маусымымен салыстырсақ, 2011-2012 жылдардағы күзгі-қысқы маусымда туындаған технологиялақ мәселелер саны 8 пайызға төмендеген", - деп атап өтті өз баяндамасында И.Исекешев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны