10.08.2006, 09:42 2656

Үкіметте Үшөлшемді геоақпараттық жүйені қолдану мәселесі талқыланды

АСТАНА. 10-тамыз.Kazakhstan Today . Үшөлшемді геоақпараттық жүйені қолдану мәселесі кеше үкіметте премьер-министр Даниал Ахметовтың төрағалығымен өткен кеңесте талқыланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кеңес жұмысын аша отырып, үкімет басшысы аталған жүйе "электронды үкімет" бағдарламасын айтарлықтай толықтыратынын атап өтті.

Моделдендірудің ұсынылған жүйесі бірқатар қауіпсіздік саласындағы, көші-қон ағынын басқару, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту, салық жүйесін жетілдіру, көлік инфрақұрылымын дамытуға шығынды оңтайландырудағы стратегиялық міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.

Үшөлшемді моделінің технологиясын алу аталған спутниктік және инфрақұрылымдық тетіктерді аэросурет көріністерін бағдарлауға арналып негізделгені атап өтілді.

Кеңесте "Информап рус" компаниясының өнімдері "Астана қаласының Үшөлшемді интерактивтік геоақпараттық жүйесі" және "Қазақстанның Үшөлшемді моделі" ұсынылды. Қазіргі уақытта компанияның мамандары техникалық-экономикалық негіздеме жобасын әзірлеген.

"Астана қаласының Үшөлшемді интерактивтік геоақпараттық жүйесі" жобасының экономикалық тиімділігі бірқатар ерекшеліктерге, атап айтқанда, мүлікті дұрыс бағалау есебінен заңды және жеке тұлғалардан салық жинаудағы тиімділікті арттыруға, сыртқы жарнамаға арналған төлем бойынша түсімдерді арттыруға, төтенше жағдайларды ескерту есебінен үнем жасауға, инвестициялық тартымды аумақты арттыруға, құрылыстың бас жоспарларын әзірлеу кезіндегі қаражатты үнемдеуге негізделген. Қаражаттың өзін-өзі ақтауы алдын-ала есеп бойынша 2-2,5 жылға есептелген.

Кеңес жұмысын қорытындылай келе, Даниал Ахметов 3D технологиясы "электронды үкімет" бағдарламасымен қатар интерактивтік тәртіпте толық ақпарат ұсынуға азаматтарға қызмет көрсету кезінде мемлекеттік органдар жұмысының сапасын арттыруға жол ашатынын атап өтті.

Пилоттық жоба ретінде Астананың Үшөлшемді моделі бағдарламасы әзірленетін болады. Осыған байланысты үкімет басшысы экономика және бюджетті жоспарлау министрлігіне "Астана қаласының Үшөлшемді интерактивтік геоақпараттық жүйесі" жобасының техникалық-экономикалық негіздемесіне сараптама және талдау жасауға, ал Астана әкімдігіне техникалық ғимарат әзірлеп, Астана үшін осындай жүйені дайындау жөнінде ашық тендерді екі ай мерзім ішінде өткізуге тапсырма берді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны