09.07.2009, 18:11 2324

Икімшілік реформаны жүргізу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі ұсынған мемлекеттік қызметті дамыту тұжырымдамасын талқылады

Икімшілік реформаны жүргізу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі ұсынған мемлекеттік қызметті дамыту тұжырымдамасын талқылады

Астана. 9 шілде. "Қазақстан Бүгін" - ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімовтың төрағалығымен әкімшілік реформаны жүргізу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Комиссия мүшелері ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі ұсынған мемлекеттік қызметті дамыту тұжырымдамасын талқылады.

Атап айтқанда, мемлекеттік қызмет моделін жетілдіру мәселелері, қызметкерлерді кәсіби дамыту жүйесі және мамандарды тиімді басқару, сондай-ақ, проблемалар мен оларды шешудің жолдары талқыланды.

Премьер-министр ұсынылған тұжырымдаманы мақұлдап, оны ведомствоаралық комиссия мүшелерінің ескертпелері мен ұсыныстарын есепке ала отырып, пысықтауды тапсырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны